Меню KDT
МЕНЮ

“Қамшы өру технологиясы” тақырыбында шебер сынып.



Мектебімізде “Ата мектебінің “ жоспары бойынша “Қамшы өру технологиясы” тақырыбында шебер сынып өтті.  Шебер сыныпқа аталар қатысып, өздерінің  тәжірибесімен бөлісті.  Қамшы жасауда қайыс, сиыр терісі, тобылғы қолданылатынын айтып, жасалу жолын көрсетті. Қамшы атауына қарай 12- ге және өрім түрлеріне  қарай 5-ке бөлінетінін айтты. Домбырада ойнап, ән салып,  оқушыларға баталарын берді.  Шәкірттеріміз  көнекөз қариялардың өмірлік тәжірибесінен мол өнеге алды. ВИДЕО КӨРУ
18.03.24