Меню KDT
МЕНЮ

«AZAMAT CUP» аудандық пікірсайыс турнирі.



Дебат, пікірталас жастарды көшбасшылыққа баулитын бірден бір құрал. Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі шешендік,  - деп  М.К.  Цицерон айтып кеткендей жеке пікірдің қалыптасып, оны айта білудің өзі –үлкен өнер. Көркем сөйлеу, бейнелі сөйлеу, нақыл сөзбен келістіре айту -   кез-келген жанның бойынан табыла бермейді.  Пікірталаста шеберлігіңді шыңдаудың жолдары-дебат турнирлеріне қатысу, ойнау. Ал ең бастысы-білім.        
        Наурыз айының 16 жұлдызында  Астана қаласындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінде «Азамат» клубы және  Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайымен бірлесе отырып,   «Оқуға құштар мектеп» жобасы  бойынша «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» тақырыбы аясында    «AZAMAT CUP»   аудандық пікірсайыс турнирі  болып өтті.   Дебат турнирінің мақсаты - кітап оқуға баулу, пікірталаста  өзара тәжірибе жинақтау, дебат қозғалысын дамыту. Алматы ауданы бойынша  турнирге  16 команда қатысы.
Турнирдің жеңімпаз  фракциялары  мен үздік спикерлері анықталды.
Бас жүлде: №70 МЛ  «QURYLTAY»
1-орын: №70 МЛ «Upgrade»
2-орын: №53 МЛ  «Шаңтимес»,  №63 МГ «Ақиқат-1»
3-орын: №64 МЛ «Болашақ жастар»,  №37 МЛ. «Ұрпақ», №38 МЛ «Әлімхан ұрпақтары»
 
Үздік спикерлер:
  1. Құспан Дина, №53МЛ
  2. Батырбек Ақерке, №51 МГ
  3. Абдрасил Балым, №51 МГ
  4. Асқар Нұрай, №38 МЛ
  5. Тұрсынбек Айзере, №83 МГ
  6. Айдосқызы Айша №64 МЛ
 
      Бұл турнир оқушылардың пікірлерін ортаға салып, тәжірибе жинақтауына үлкен көмегін тигізді.
Ұйымдастырушылар:  Тәрбие бөлімі және «Азамат» дебат клубы,  жетекшісі Бекназарова Д.О

18.03.24