Меню KDT
МЕНЮ

«Бозбала-бойжеткен» байқауы.



«Наурыз-шуағы» атты мектеп ішілік іс шаралар аясында  8-11 сынып оқушылары арасында «Бозбала-бойжеткен» байқауы өткізілді. Байқау төрт бөлімнен тұрды. «Мен елімнің болашағымын» атты бөлімінде  қатысушылар өздерін жан-жақты  таныстырады.  Байқаудың екінші бөлімі «Ұшқыр ой» деп аталып,  қатысушылар салт-дәстүр бойынша берілген сұрақтарға ұтымды жауап беруі бағаланды. Ал «Біз өнерлі өренбіз» үшінші бөлімінде  қатысушылар екеуі бірге  көрсеткен өнер түрлері жоғары бағаланды. Байқаудың соңғы бөлімі «Сымбат пен сән жарасқан»  ұлттық киім көрсетілімі болып табылды.  Байқау  оқушылар арасында қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға, біздің мәдениетіміз жайлы таным, білімін кеңейтуге ықпал етті деп білеміз.

14.03.24