Меню KDT
МЕНЮ

Атаның сөзі - ақылдың көзі.



Мектебіміздің «Аталар» мектебі отырысында «Батаның қасиеті. Оның адам өміріне тигізер әсері қандай?» тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстелде кездесу сағатын өткізді.  Бата ол-ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі. Бата оқылған кезде үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен тыңдайды. Көне көз қарияларымыздың айтуынша, қазақ халқы батаға үлкен сеніммен қарайды. Аталарымыз :"Бата – тәрбиенің бастауы"-деп сөз жалғастырды.  Оқушылар өздерінің жаттаған баталарын оқып берді. Тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Тағылымы жоғары пікіралмасу өтті. ВИДЕО КӨРУ

15.03.24