Меню KDT
МЕНЮ

Болашақ-білімді жастардың қолында.



«Таңдау жаса» жобасы 11 –сынып оқушыларына  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің  арнайы мамандарын кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша шеберлік сағатқа шақырылды. «Болашақ-білімді жастардың қолында» тақырыбында өткен кездесу сағатының негізгі мақсаты мектеп бітіруші түлектерді білім беру бағдарламаларымен, оқу үрдісімен, университеттің материалдық базасымен танысуға мүмкіндік беру және мамандық таңдауға көмектесу. Бүгінде университет агротехникалық деп аталғанымен, тар бағытты емес, керісінше, көп бейінді білім ордасы болып табылады деп ой түйін жасады. Мамандықтары ауылшаруашылық және техникалық бағыттағы мамандықтардан басқа білім беру, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік игілік және бизнес бағытындағы мамандар даярланады. Университеттің астананың ежелгі оқу орны ретінде өзіндік ғылыми мектебі бар, сол мектептің негізінде қазіргі профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасқан оқу орны деп университетті таныстыруға арналған видеоролик көрсетілді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды. ВИДЕО КӨРУ

23.04.24