Меню KDT
МЕНЮ

«Менің бауырым» Волонтерлік жобасы.



«Менің бауырым» Волонтерлік жобасының жұмысы аясында«Туран-Астана» Университеті 2 курс суденттері Сабыржан Аида мен Сатилхан Ақнұр мектебіміздің тәрбие бөлімімен біріге отырып «Таза жер тазаланған жер емес, қоқыс тастамайтын жер» тақырыбында 7- сынып оқушыларына эко-акция сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың қоршаған орта жағдайына және олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, оларды экологиялық әдеттерді күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру.
Міндеттері:
- Оқушыларды планетаның денсаулығын сақтауға өз үлесін қосуға болатын эко-әдеттермен таныстыру;
- Жалпы экологиялық мәдениет ұстанымдарымен байланысты себептер мен әдеттерді қалыптастыру;
Экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосу үшін әркім қандай әрекет жасай алатындығы туралы түсінік қалыптастыру, сонымен қатар кез-келген, тіпті ең кішкентай әрекеттің маңыздылығы екенін түсіндірді. ВИДЕО КӨРУ

22.04.24