Меню KDT
МЕНЮ

«Киелі мекен» жобасы.



Мектепте санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «ТАЗАРУ» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде 8-сынып оқушылары «Киелі мекен» іс шарасына өз үлесін  қосты. Экологиялық акция аясында оқушыларымыз мәдени мұра нысандарының қасбеттерін, ескерткіштер мен іргелес аумақтарды ретке келтіру бойынша тазалық жұмыстарына тартылды.  Абылай хана мен Бауыржан Момышулы қиылысында орналасқан «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» ескерткіштері  айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Еңбекке баулу, табиғатты қорғау өскелең ұрпақтың бойына жақындарына деген қамқорлық, құрмет сезімін қалыптастырудың үлгісі болып саналады. Іс-шара аясында оқушыларымыз  табиғат аясында «Қоршаған ортаны құрметтейік» тақырыбында өлеңдерін оқыды. ВИДЕО КӨРУ

20.04.24