Меню KDT
МЕНЮ

«Нұр себелер, Ұлыстың Ұлы күні» мерекелік кеш.



Наурыз мерекесін мерекелеу мақсатында мектебімізде ата-аналарға, оқушыларға, ұжымға «Нұр себелер,Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеш «Ұлыс оң болсын!» атты театрланған көріністен бастау алып, «Сарыарқа Үлгілі» би ансамбльінің шашу биімен өрнектелді. 2 сынып оқушыларының «Бәйшешектер биі» сахнаны нұрландыра түсті. Ата дәстүр ұлттық құндылықтарды дәріптеуге «Атамекен» биі негіз бола алды. Мерекелік көңіл сыйлауға «Шақырады көктем», Құрманғазының күйі «Балбырауын», «Жастар биі», Ақан серінің әні «Балқадиша», халық әні «Беу айдай», «Кең жайлау» биі, «Домбыра» биі, «Балдаурен» әні, «Атамекенім» әні орындалып, «Қазақстан» әні хормен аяқталды. Барлықтарыңызды наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

21.03.24