Меню KDT
МЕНЮ

«Әжелерден ғибрат» шеберлік сағат.



Ұлыстың Ұлы мерекесі қарсаңында мектебіміздің «Әжелер» мектебі» 5-7 сынып қыз балаларына «Әжелерден ғибрат» атты шеберлік сағат өткізді. Шеберлік сағатта ұршықтың түрлері, жіптің қалай дайындалу әдісі туралы толық түсіндіп өтті. Сонымен қатар наурыз мерекесі дастархан жаю рәсімі, дастарханға қойылатын ұлттық тағамдармен таныстырды. Ғасыр жасаған аналарымыз келешек ұрпаққа үлгі болатын, кейінгі жас өнеге алатын талай елдік істердің басында жүріп, ер азаматтармен иық теңестіре еңбек еткен өмір жолдарымен шеберлік сағатты оқушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берумен аяқтады. Қатысушы қыз балаларымыз әжелерімізге алғыс айтып, өлең жолдарын сыйға тарту етті.

19.03.24