Меню KDT
МЕНЮ

ЖАДНАМА







Жол жүрісі қағидасын сақтаңыз

Жолдан өтпес бұрын жолды кесіп өтудің қауіпсіз екендігіне толық көз жеткізіңіз. Алдымен жүріс бөлігінің шетіне тоқтап сол жаққа қараңыз, егер көлік болмаса жүріс бөлігінің ортасына дейін өтіп, аялдаңыз. Одан кейін тағы да бір рет оң жаққа қарап, көлік құралы болмаған жағдайда жолдан өтуді жалғастырыңыз.

Жолды екі жақтан да жақсы көрінетін жерлерден тік бұрыштап өту қажет.

Тек жаяужолмен жүріңіз. Егер жаяужол болмаса, көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жол жиегімен жүріңіз.

Көшені кесіп өту сызығы немесе нұсқағыштары бар жерлерден, ал олар болмаған жағдайда жол қиылыстарынан жаяужол сызығы бойынша кесіп өтіңіз.

Қозғалыс реттелетін көшелер мен жолдарда жүріс бөлігін тек жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның жасыл белгісі жанған кезде немесе реттегіш рұқсат еткен белгі берілген кезде ғана кесіп  өтіңіз.

          ЖАДНАМА

 Жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтпеңіз.

Көшенің жүріс бөлігінде ойнамаңыз және велосипед, ролик теппеңіз.

Жолда апаттық жағдайға ұшырап  қалмас үшін автокөліктің қандай жағдайда қауіпті болатынын түсіну керек. Жүргізуші тежегішті басқанымен көлік бірден тоқтай алмайды. Ол жолдың бойымен бірнеше метрге дейін тайғанақтап барып тоқтайды.  

 Бейтаныс адамдармен кездесіп қалған кезде өзін-өзі ұстау қағидалары:

Бейтаныс  адамдармен сөйлесуге және  оларды пәтерге кіргізуге болмайды. Бейтаныс адамдармен бірге лифтіге немесе кіреберістерге кіруге болмайды.

Бейтаныс адамдардың автокөлігіне отыруға, сыйлықтар алуға және олардың бірге жүр деп шақырған ұсыныстарына келісуге болмайды. 

Қараңғы түскеннен кейін көшеде жүруге болмайды.Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЖПҚБ

 Лагерьлерде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидалары:

Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидаларын сақтау қажет – сөзіңізбен, іс-әрекетіңізбен және жүріс-тұрысыңызбен  айналаңыздағы адамдарға кедергі келтірмеу, олардың эстетикалық сезімдеріне тіл тигізбеу, ортақ қолданыстағы орындарды ластамау қажет.

Лагерьде шылым шегуге және алкогольдік сусындарды пайдалануға тыйым салынады.

Суда өзін-өзі ұстау қағидалары:

Тек рұқсат етілген орындарда ғана суға түсуге болады.

Суға түскен кезде жағалаудан алысқа жүзіп кетуге, қоршалған белгіден тысқары жерге жүзуге, таныс емес орындарда сүңгуге, көпірлерден суға секіруге болмайды.

Суқоймаларына баратыныңыз туралы міндетті түрде үлкендерге ескертуіңіз қажет.


24.05.21