Меню KDT
МЕНЮ

Интернет дегеніміз?




Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отыра( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қашықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады. Интернет желісінде жұмыс істеу барысында ақпараттық қауіпсіздіктің басты ережелерін сақтау маңызды. Бұл ережелер мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге және ақпараттың бөгде адамдарға мәлім болуының алдын алуға бағытталған.
Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз – ақпараттың тұтастығын, құпиялығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Ақпараттың тұтастығы дегеніміз – деректерді жіберу, сақтау немесе көрсету кезінде ақпараттың бұрмаланбауының кепілдігі. Ақпаратты тек құқығы бар адамдар ғана өзгерте алады.Ең алдымен Ғаламторда отырған кезде сақталуы керек үлкенге де, кішіге де ортақ ережелерді еске түсіріп алайық: электронды поштаңызға бейтаныс адамнан Word немесе Excel түрінде келген файлды ашпас бұрын, вирусын тексеріп алу керек.
Әлеуметтік желілердегі парольді ешқашан ешкімге беруге болмайды.
Парольді есте сақталуы қиын сандар мен сөздерден құрау керек.
Ғаламторда жеке басқа қатысты мәліметтерді көрсетпеу керек және ник, яғни бүркеншік ат қолданған жөн.
Ғаламторда танысқан кез келген бейтаныс адаммен кездесуден қорқу керек.
Егер ғаламтордағы әлдебір сайтқа тіркелу керек болса, жеке басқа қатысты ақпараттарды беруге болмайды.
Ғаламтордағы барлық ақпараттарға сене беруге болмайды. Ақпараттың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп алу керек.

13.05.21