Меню KDT
МЕНЮ

Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Халқымыз үшін қастерлі мереке – 9 МАМЫР Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!



Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Халқымыз үшін қастерлі мереке – 9 МАМЫР Ұлы Жеңіс күні
құтты болсын!
Жеңіс күні, бұл – ұрпақтар үшін естелік күні, халқымыздың батылдығының, ұлылығы мен рухының, өз елін қорғаған жауынгерлердің өлмес ерлігінің символы күні!
Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Біз Ұлы Отан майданында ерлікпен шайқасқан, тылда еңбек еткен, соғыстан кейінгі жылдары елді қалпына келтіріп, талмай тер төккен ата-әжелеріміздің ерлігін әрқашан құрметтейміз! Жеңісті жақындатқан ата-бабаларымыздың батылдығы, қайсарлығы мен ерлігі әрқашан біздің жадымызда. Бабалардың ерліктері – бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Отансүйгіштік қасиет – әр кезде де қастерлеуге, құрметтеуге тұратын қасиеттердің бірі екенін ұмытпауымыз керек! Осы салтанатты мерекемен шынайы құттықтай отырып, Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік, амандық, денсаулық және бақыт, әрқайсыңызға ертеңгі күнге деген сенімділік, Отанға деген сүйіспеншілік, отбасылық бақыт пен амандық тілеймін!
Ізгі тілекпен Бану Әлімжанқызы

06.05.21