Меню KDT
МЕНЮ

МЕКТЕБІМІЗДІҢ ҚҰРМЕТТІ ЕР-АЗАМАТТАРЫ! Сіздерді Егеменді еліміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын




МЕКТЕБІМІЗДІҢ ҚҰРМЕТТІ ЕР-АЗАМАТТАРЫ!
Сіздерді Егеменді еліміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке – Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбынды мерекесі. Әр адам үшін өмірдегі ең қымбаттысы – елі мен жері, Отаны.
Сондықтан Сіздерді Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді, халқына қорған болар азаматтар деп білеміз! Осы жолда қайратты, жігерлі, табанды болып, бейбіт еңбекпен еліміздің болашағы үшін аянбай табысты еңбек етулеріңізге тілектеспін! Отбасыларыңызға бақыт, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін!
Ізгі тілекпен Бану Әлімжанқызы

06.05.21