Меню KDT
МЕНЮ

Бүгін мектебімізде "Өркендеу" жобасы аясында республикалық семинар өтті



Бүгін мектебімізде "Өркендеу" жобасы аясында республикалық семинар өтті.

Мақсаты:
Отбасы құндылықтарына, ұлттық тәрбиеге бағытталған «Өркендеу» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстыру және тәжірибемен бөлісу.
«Өркендеу» жобасының ұлттық тәрбие мектептері: «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» негізінде біртұтас оқу-тәрбие бағдарламасын әзірлеу, орта білім жүйесіне енгізу.
Міндеттері:
«Өркендеу» жобасы негізінде әзірленген біртұтас оқу-тәрбие бағдарламасын республика деңгейінде жүргізуді қарастыру
- 1-4, 5-10 сыныптарда «Өркендеу» жобасының Ұлттық тәрбие мектептері бойынша жеңімпаз атанған сыныптардың презентациясы
- Құзырлы органдардың және мүдделі тараптардың «Өркендеу» жобасын тиімді жүзеге асыру бойынша және отбасы құндылықтарына, ұлттық тәрбиеге бағытталған ой-пікірлерін тыңдау және өзара тәжірибе алмасу.
- «Қашықтан оқыту» технологиясын үштік одақта тиімді қолдану
Жұмысты дайындағандар қоғамда әженің,әкенің,ананың,ағаның ,жеңгенің орыны ұрпақ тәрбиесінде маңызы қандай екенін жіктеп түсіндірді.Әженің тәлімін,әкенің биіктігін,ананың мейірімділігін,ағаның қадірін,жеңгенің көрегенділігін ашып көрсетті. Қатысушылар рахметтерін айтып,алғыстарын білдірді.











14.03.21