Меню KDT
МЕНЮ

Нұр-Сұлтан қаласының № 64 мектеп- лицейінде «Тиімді әдіс – тәсілдер арқылы функционалды сауаттылықты арттыру» атты қалалық тәжірибелік семинар өтті



     10 наурыз 2021 ж   Нұр-Сұлтан қаласының  № 64 мектеп- лицейінде «Тиімді әдіс – тәсілдер арқылы функционалды сауаттылықты арттыру»  атты қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинарды мектеп директоры Б.А. Баймуратова сөз сөйлеп ашты.Мұғалімдердің  іс- тәжірибе алмасу сабақтары өз деңгейінде өтті.Семинарды Адибаева С.Б тренингпен ашып, Тилей С функционалды сауаттылық туралы баяндама жасады.1 « Ғ» сынып жетекшісі Сейдуалиева С  «Ц дыбысы мен әрпі» тақырыбында  ашық сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті. 3 «Ж» сынып жетекшісі  Ахмиева А.З  «Синхронды сабақ өтудегі тиімді әдіс- тәсілдері» туралы өз тәжірибесімен бөлісті.Жаратылыстану сабағы бойынша «Жарықтың шағылуы дегеніміз не?» 3 « К» мұғалімі Зейнолла А.Р зерттеу сабағымен ой бөлісті. 3 «Ғ» сынып  жетекшісі Бекежанова Б.Н  « Онлайн сабақта ғылыми танымдық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»  туралы   зерттеу жұмыстары тақырыбында онлайн отырған оқушы зерттеу жұмыстарын қалай жасауға болатыны туралы  тәжірибесімен бөлісті. 2 «К» сынып мұғалімі Б.М.Ахмедиярова   «Асинхронды сабақ кезіндегі падлет тақтасын қолданудың тиімділігі»  тақырыбында ойын ортаға салып, падлет тақтасы арқылы оқушының қызығушылығын арттыра отырып, оқытуға болатыны туралы айтылды.Семинардың соңындағы  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Ш.Бапахова жас мамандармен «Оқушы білімін бағалаудағы балама тәсілдері» атты мастер класс өз деңгейінде өтті. Білім беруді жаңғырту орталығының бастауыш сынып әдіскері Н.К.Әзімбай  кері байланыста семинардың тақырыбы қазіргі заман талабына сай өзекті екенін айтып, бүгінгі баяндамашыларға ризашылықтарын білдірді








11.03.21