Меню KDT
МЕНЮ
 Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №4 психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес
 
 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
№64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
 
Нашар көрушілер
нұсқасы

 

Нұр-Сұлтан қаласы
№64 мектеп-лицей
9-сынып оқушысы(15 жас)
Тілеуберді Самғат Азатқызы
Жетекші: Бекназарова Д.О
Номер:87085857230

«Ұлы даланың ұлық тұлғасы»

Қазақ даласы ежелден кең байтақ әрі қасиетті жер болған.Осыдай қасиетті Қазақ даласы талай ұлы ақындар,ойлары түпсіз терең ұлы ғұламалар мен жауырыны жерге тимейтін қайсар,жүрегі тек «елім» деп соғатын батырларды дүниеге алып келді.Қазақ топырағынан көзі ашық,көкіргеі ояу,ойшыл,ғұлама білгенін қара сия мен ақ бетке жазып қалдыра білген ғұламалар қаншама десеңізші?Солардың бірі өз заманынан оза туған қыпшақ даласынан шыққан ұлы даланың ұлық тұлғасы Әбу -Насыр Әл-Фараби.Бала кезінен ілім мен білімге деген құштарлығынан еңбектерімен әлемді таңқалдырған Әл-Фараби Аристотельден кейінгі «екінші ұсатаз» атанды. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-мағанасын жоғалтқан жоқ.Мемлекет ,ел басқару жөніндегі тұжырымдары,әлуметтік-этникалық көз қарастары бүгінгі біз өмір сүріп жатқан қоғамға маңызы айрықша.Әл-Фарабидің нақыл сөздері адамды дұрыс жолға салу мақсатында айтылған сөздер болатын.Әрбір сөздерінің мағынасы түпсіз терең.Әл-Фараби өзінің нақыл сөздерінде бақыт жайлы көп сөз қозғайды.Сонда Әл-Фараби «Бақыттың мәні парасаттылықта әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде...адамның өз мінез-құлқын,іс әрекетін ерікті түрде өзгертіп,игілікке бағыттап отыруында»-дейді. Нақыл сөздерінің басты мақсаты адамға бақыттың мәнін түсіндіру.Ойлап қарасақ адам басласы өз бақытын өз қолымен жасайды.Адам өз алдына мақсат қойып ,игілікті іс тындырса және мінез-құлқын өзгертіп,тек жақсылыққа ұмтылған адам бақытты адам болып саналады деп ойлаймын.Ғұламаның нақыл сөзіндегі жасырын ойы осы деп білдім. Дегенмен біз әлі күнге дейін Әл-Фарабиді қазақ,өзбек,тәжік не болмаса араб деп шатастырамыз.Шын мәнінде ғұлама түркі текті халықтан шыққан болатын.Оған дәлел ретінде шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі былай дейді; «Мен араб ғалымдарының кітаптарын көп оқыдым.Осы күнгі араб Фарх Саад есімді ғалымының бір дерегі бар.Онда Әбу –Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби ат-Турки дейді.Яғни ол оның түркі текті екенін жазған.Ғалым ибн-Халиканда ат-Турки дегенді қосады.Ол Әл-Фарабидің түркі екенін анық жазады».Бірақ ұлты түркі болғанымен, түптің түбінде ойшыл ғұлама байырғы қазақтың ұлы даласында дүниеге келгенін ғылым дәлелдемек. Білім жолын қуып,түрлі зерттеулер жүргізіп,тілге деген аса құштарлықпен үйреніп,адам тарихындағы ашылмаған құпияны ашқанда Әл-Фараби болмақ. «Ол Хамада қаласынан араб тілін үйренді. Одан кейін 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып антикалық философиямен әлемдік мәдениеттпен таныса жүріп, әрі бағбан болды. Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап,білімін шыңдаған.Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады.Біздегі мәліметтерге сәкес ол 70-ке жуық тілді меңгерген»,-дейді профессор Жақыпбек Атайұлы. Иә, шынымен де бар өмірін білімге арнаған данышпанның білімге деген құштарлығы кез келген адам баласын таңқалдыратыны рас. Қаншама жерді аралап,көпті көрген ғұлама қазіргі күнге үлкен байлық яғни артынан өсиет қалдырып кетті.«Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста»-деген болатын Әл-Фараби өзінің нақыл сөздерінде. Сірә осы нақыл сөз ғұламаның дәл өзіне қаратылған сыңайлы. Сонымен қатар ғұламаның адам бойындағы қасиеттерін айқындайтын нақыл сөздері де бар. Мысалы, бақыт адамның жақсы қасиеті, өнер, ұстаздық, мінез-құлық, ақыл-парасат, еңбек,қуаныш жайлы өз ойына түйген сөздері әлі күнге дейін құнын жоймасы анық. Сөзімді С.Сарайидің сөзімен аяқтағым келеді «Көп наданның ішінде бір ғалым отырса, көп соқырдың арасында бір жарық шам жанып тұрғандай болады», демекші Әл-Фарабидің шамы әлі сөнбегенін, ешқашан да сөнбейтінін айтқым келеді. 1150 жыл сөнбеген шамды әлі талай ғасыр адамзаттың рухани қазынасы болары анық. Өйткені Әл-Фарабидей ғұламаның сөзі еш өлмейді!