Меню KDT
МЕНЮ
 Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің №4 психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес
 
 НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
№64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ
 
Нашар көрушілер
нұсқасы

 

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы


Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді. 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді. Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталып жатыр. Осыған орай "Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы" ұйымдастырып отырған Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай әндері мен өлеңдері" байқауына мектеп-лицей оқушылары  ат салысып қатысуда

Өлең-сөздің патшасы

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы бола білген ұлы тұлға.Олай деуге негіз бар, себебі тек Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты,өз заманындағы қазақ елінің өмір шындығы, арман-тілегі, ұлттық ерекшелігі шынайы әрі әсерлі көрініс табады. Ақын өз өлеңдері арқылы халыққа нені жеткізгісі келді? Осы туралы тоқталып өтсек...

Жалпы Абай Құнанбайұлының қалам тартпаған тақырыбы жоқ деуге болады: ел жағдайы,адамгершілік, табиғат құбылысы т.б. Алайда осы тақырыптардың ішінде елінің адал перзенті ретінді халықтың сауатын ашу мәселесіне көбірек тоқталды. Абай қараңғы халықтың көзін ашқысы келген . Ол бәрін надандықтан құтылу үшін оқуға шақырды. Біздің біреуге бағынышты болмай, өз жолымызды тапқанымызды қалаған. Надан болсаң, өмірде ешнәрсеге қол жеткізбейсің. Мысалы:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге –деу арқылы біз секілді жастарды оқу – білімге шақырады. Ақынды аландатқан ендігі бір тақырып - еліміздің татулығы мен бірлігі. Сол себептен болса керек, «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» – деді. Ал табиғат тақырыбында жарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері – өз алдына шоқтығы биік дүниелер.Сөзімді қорытындылай келе, құрдастарымды ақын Абайдың өлеңдері, қара сөздерімен сусындап, өз өмірлеріне жол көрсетер шам етуге шақырамын. Абай мұрасы- өнегелі мұра .

 Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицей

6 «К» сынып оқушысы Байгутова Эльдана

Абайға арнау

 Абай атам, мақтанышым тірегім,

Қазақпын деп мақтанамын,жүремін.

Ұзтаз болып саналады мыңдарға,

Шыны керек,ұзтаз болдың маған да.

 
Халық айтар,айқай салып бар елге ,

Абай дана,бәрімізге кемел де.

Танытар,ұзақ жолын,өсиетін,ниетін,

Қымбатты да,қасиетті жүрегін.

 

Өлеңмен көзін ашты мыңдарға,

Кейбірі байқамай жүрді далада.

Көзі кетіп қалып еді санада,

Абай-дана,Абай-дара қашанда.

Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицей

Балгожин Карим


Нұр-Сұлтан қаласы

№64 мектеп-лицейдің

7-сынып оқушысы

Алдонгорова Адина

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шотпаева Алтынгүл Бахреденовна

 Өлең - сөздің патшасы

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Ақынның дүниеге келгеніне 175 жыл, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес.

Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ол – қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына бірінші көңіл бөлген ақын. Оның кіршіксіз, таза, терең сезіміне үңілді, ананы, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырлады. Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Абай шығармашылығындағы сондай-ақ адам бойындағы қайырымдылық, қанағат секілді адамның қалыптасуына себепші иманды қасиеттер де талданған. Оның өлеңдері адамның еліне деген сүйіспеншілігін шақыртады.

Абайдың қара сөздері – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін прозалық шығармасы. Ол өмірге байланыстырып, адамдардың тағдырына сай етіп, әртүрлі мәселелердің шешу жолдарын айтып, жазған болатын. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұлы өз шығармашылықтарын ермек үшін жазбаған. Ол оқырмандарға үлгі ретінде, өз ақылын айтып, «Оқысын, білсін!»-, деген оймен жазып отыр. Егер де өлең немесе қара сөздерінің әр сөзіне мән-мағына беріп оқысаң, оның астында қандай түп-мағына жатқанын бірден байқайсың. Абай атамыз бізді тура жолға салып, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін өлең жолдары арқылы айтып кеткен болатын.

Өлең сөздің патшасы

Абай Құнанбаев –өнегелі өмірін өлеңмен өріп, артына мәңгілік мұра қалдырған қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Оның шығармашылығынан орын алған махаббат,табиғат лирикалары, саяси,әлеуметтік,өнер тақырыптарының қай-қайсысы болмасын,өзіндік өрнекпен,айрықша сезіммен жырлаған.Абай жыры-халық дастаны , адамның ар-ұятың , намысын оятатын қару. Оның өлеңдері білім,өнер, мәдениетке бағыттайды.Табиғат пен оның құбылыстарын шеберлікпен суреттеген өлеңдері – қазақ поэзиясындағы ұтымды,қайталанбас шығармалар. Ұлы Абайдың өлеңдерін оқи отырып , қазақ тілі мен құдіретін терең ұғынасың . Абайдың қай өлеңін алсаң да сананы оятып, ғылым-білімнің маңыздылығын , мәдениеттіліктің алар орнын жырға тиек еткен.«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» деген жолдардан қазақ әдебиетіндегі поэзияны жоғары бағалайды .Абай шағармалары өзге тілдерде де жарық көріп,мазмұны мен мағынасын жоғалтпаған. Дүниежүзілік әдебиетте оның өлеңдері жоғары бағаланып ,өз орнын тапқан.Биылғы жыл ұлы ақынның 175 жасқа толу мерей тойына тұспа-тұс келіп отыр.Осыған орай ақынның шығармаларымен жете танысып, оны зерттеп, әрі қарай жалғастыру бүгінгі жас ұрпақтың міндеті мен парызы болып саналады.Абай поэзиясы-қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты,қазақ өмірінің шындығы ,қазақ сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп,сезіледі.

 Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицей

6 «К» сынып оқушысы Қайратқызы Томирис