Меню KDT
МЕНЮ
logo.png?_=1583829163

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ-МЕКТЕП МАҚСАТЫ
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

2019-2020 оқу жылындағы аға тәлімгер

жұмысының жарты жылдық есебі

Нұр-Сұлтан қаласы, №64 мектеп –лицейінің 2019-2020 оқу жылындағы тәлімгер жұмысының жарты жылдық есебі

2019-2020 оқу жылында аға тәлімгер «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмысына төмендегідей іс-шаралар жоспарланды

Қыркүйек  айында «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы алғашқы жиналысы өткізілді. 1-қыркүйек Білім күнін атап өтуге  арналған «Сапалы ұрпақ-жарқын болашақ» атты салтанатты шеру  1-ші және 11-ші сыныптардың оқушыларына арналып өтілді. Отбасы күні мерекесіне орай №64 мектеп лицейінде мектеп оқушылары және ата-аналардың қатысуымен флешмоб өтті. Шараға 5-8 сынып аралығындағы қырықтан  астам оқушы ,оннан астам ата-аналар қатысты.Флешмоб өсіп келе жатқан ұрпақтың татулық пен ауызбіршілікті жоғары бағалауын түсінгенін мақсат етті.

Сондай-ақ командамен жұмыс жасау дағдығысын дамытуды, отбасын қадірлеу,ата-ананы сыйлауды насихаттау. Іс-шараға қатысуға келген ата-аналар қуана билеп,балаша шаттанды.

27 қыркүйек, 2019 жылы Жібек жолы ауылындағы « Иманжүсіп Құптанұлы» атындағы мектепке Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан  №64 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі басқару» ұйымының оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымы жетекшісі, тәрбие бөлімі бастаған өкілдер   « Астанадан сәлем!» жобасымен  барып қайтты.  Мұнда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылатын  «Жас Ұлан» ұйымы жыл бойына жасаған жұмыстарын көрсетіп,  жаңа буын оқушыларының арасындағы мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласушы,мақтаныштары  екенін айтып, жұмыстарына бағыт-бағдар берді. Оқушылар  тарапынан көптеген сауалдар қойылып, диалог алаңы құрылды.  Өзін-өзі тану ұйымының өкілдері  қойылған сұрақтарға жауап беріп,  ынтымақтасқан жұмысқа шақырды. Сұхбат соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төлеген Г сөз алды.  Әріптестік қатынасты дамытуға болашақта екі тараптан да ұсыныстар алынып, жоспар құрылды.



 
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына 6 қараша күні мектеп оқушылары барып, концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп қайтты. Психолог А.А.Искакова,тәлімгер Ж.Б.Муханбаева, ұйымдастырушы-педагог Ж.Хайымхан бастаған талантты оқушылар балалар үйіндегі бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар өнерпаздармен бірге билеп,ән айтып бір шаттанып қалды.Жалпы "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету  орталығы 3-29 жас аралығындағы балалар мен жастарға стационар және жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетуге арналған. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жастар бар.



«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектеп Ұланбасын сайлау рәсімі


Қазанның 2 –сі күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектеп Ұланбасын сайлауы өтті. Ашылу салтанатында арнайы сап түзеу өтті. Сап түзеуде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мурат Ескендорович Ахметов үміткерлерді  және сайлау  комиссия мүшелерін таныстыра келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайлау барысында комиссия мүшелері, сайлау үміткерлері, және олардың сенімді өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен сайлау учаскасінің кезекшілері өз міндеттерін толықтай атқарады. Сайлау алдын 1500 бюллетен дайындалған, ал дауыс берушілер тізіміне 1500 оқушы мен мұғалім тіркелген.Сайлауға 9 үміткер қатысты.Cайлау нәтижесі бойынша 8 «К» сынып оқушысы Мамирханова Айша мектеп Ұланбасы болып тағайындалды. Басқа үміткерлер «Жас Ұлан» бағыттары бойынша көшбасшылыққа бөлінді.




«Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы филиалының «Қала Ұланбасын ұлықтау» рәсімін  өткізу туралы анықтама

 

2019 жыл, 14 қарашада «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің «Мектеп Ұланбасын ұлықтау» салтанатты рәсімі мектебімізде өткізілді. «Мектебіздің Ұланбасын» сайлауға алдын-ала берілген өтініштері бойынша қала сыныптардан өзін үміткерлікке ұсынған 15 көшбасшы болды.Қазанның 2 сі күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектеп Ұланбасын сайлауы өтті. Салтанатты түрде мектеп көшбасшылары сахнада ант қабылдау үшін арнайы қызыл кілемге шақырылып,ант қабылдады.

Шараға Мемлекеттік Ту мен«Жас Ұлан» ұйымының туы енгізіліп, мемлекеттік Гимні орындалды. «Жас Ұландықтар» ән айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ұлықтау рәсімі өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.




22 қараша күні мектебімізде ЖасҰлан»  ұйымының ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында « Эко-Әлем» деген атпен экологиялық квест өтті. Квесттің жарыс түрінде өтілуі оқушыларға қызықты болды. Әртүрлі кабинеттерден пазылдар жинап, сөзжұмбақтар шешті. Сұрақтарға жауап беріп, қоқыстарды жинастырды. Квест барысында оқушылар үшін жылдамдық және тапқырлық басты мақсат болды. Жарыс нәтижесінде  үшінші  орынды 8 «В» сыныбы,  екінші орынды 8 «Ә» сыныбы жеңіп алса, бірінші орынға 8 «Г» сыныбы лайықты деп танылды. Квест соңында оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.