Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ
2018-2019 оқу жылының «Жас Ұлан» ұйымына қабылдаудың өтілуі

     Желтоқсан айының 7-жұлдызында өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Жас Ұлан» ұйымына 263 оқушы қабылданды. Олар, 5 сыныптардың мектеп белсенділері, өнерлі өнерпаздар, оқу үздіктері, спорт жеңімпаздары. «Жас Ұлан» қатарына қабылдаудың негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық, танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру. Олар тек өздерін ғана емес мектептерін, достарын, қоршаған ортасын одан әрі өз идеяларымен көркейтуге, болашаққа нық қадам басуға, келер ұрпаққа үлгі көрсетуге міндетті.






       

24.11.2018 ж. күні №64 мектеп-лицейінде «V переработку!» акциясы аясында балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында «Жер ананы аялайық!» атты семинар өтті. Семинар    барысында мектепті қоқыстан тазалау, макулатура және қайталама шикізаттарды жинау, қоқыстарды бөліп жинау жұмыстары іске асырылып,  мектеп оқушылары мен ата-аналарының азаматтық белсенділігін арттыру мақсатымен бірқатар  іс-шаралар өткізілді. Осы семинарға атсалысу мақсатымен Астана қаласы «Алматы» ауданы мектептерінің «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді оқушылары және Астана әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығының» маманы А.Б.Есематова шақырылды.






 

 







«Ж
ас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы филиалының «Қала Ұланбасын ұлықтау» рәсімін өткізу туралы анықтама

 

 

 

2018 жылдың 20-қазанында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қала Ұланбасын ұлықтау» салтанатты рәсімі №64мектеп-лицейінде өткізілді.«Қала Ұланбасын» сайлауға алдын-ала берілген өтініштері бойынша қала мектептерінен өзін Үміткерлікке ұсынған бес Көшбасшы болды. Сайлау 28 қыркүйек күні Оқушылар сарайында өткен болатын. Нәтижесінде 153 дауыс жинап, №64 мектеп-лицейінің оқушысы,мектеп Ұланбасы.Бекен Әлем Қуатұлы «Қала Ұланбасы» атанды.

 

Барлық үміткерлер«Жас Ұлан» ұйымы Астана қалалық филиалының әкімшілігі қатарында,жеті бағыт бойынша «Қала Көшбасшылары» лауазымына иеленген көшбасшыларды да осы ұлықтау рәсімінде салтанатты түрде ант қабылдады.

 

          Іс-шара №64 мектеп-лицейінде сағат 10.00 де басталды. Рәсімге қала мектептерінің тәлімгерлері мен Ұланбастары, ата-аналар және осы мектептің «Жас Ұлан»  ұйымының оқушылары мен мұғалімдері қатысты. «Жас Ұлан»  біріңғайбалалар мен жасөспірімдер ұйымы  Астана қаласы филиалының директоры Боданов Амангелді Нұрланұлы «Жас Ұландықтардың» мерекелерімен құттықтап, ерлік жасауға,әрдайым ұйымшылдық пен татулықта жүрулеріне  тілектестігін білдіріп, қаланың Ұланбасы Бекен Әлем Қуатұлы мен бағыттар бойынша сайланған көшбасшыларға сенімділігін білдіріп, жауапкершілікпен қарауларын өтініп, шығармашылық табыс тіледі.

 

         Салтанатты түрде қала көшбасшыларын сахнада ант қабылдау үшін арнайы қызыл кілемге шақырылып,ант қабылдады.

 

Шараға Мемлекеттік Ту мен«Жас Ұлан»  ұйымының туы енгізіліп, мемлекеттік Гимні орындалды. №64мектеп-лицейің «Сарыарқа» би ансамбілі өнерлерін көрсетіп, №43,37,64,51 мектептің әншілері ән айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады.Ал, «Жас Ұлан»  ұйымының мүшелері ұйымның әнұраның орындап, патриоттық сезіммен айтты.

 

        Ұлықтау рәсімі өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.