Меню KDT
МЕНЮ
logo.png?_=1583829163

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ-МЕКТЕП МАҚСАТЫ
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

 

«Эко-әлем» атты экологиялық квестің №64 мектеп-лицейінде өткізілгені туралы ақпарат
 
 
 
22 қараша күні мектебімізде ЖасҰлан»  ұйымының ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында « Эко-Әлем» деген атпен экологиялық квест өтті. Квесттің жарыс түрінде өтілуі оқушыларға қызықты болды. Әртүрлі кабинеттерден пазылдар жинап, сөзжұмбақтар шешті. Сұрақтарға жауап беріп, қоқыстарды жинастырды. Квест барысында оқушылар үшін жылдамдық және тапқырлық басты мақсат болды. Жарыс нәтижесінде  үшінші  орынды 8 «В» сыныбы,  екінші орынды 8 «Ә» сыныбы жеңіп алса, бірінші орынға 8 «Г» сыныбы лайықты деп танылды.  Квест соңында оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.