Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ



Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да  салаларға еніп үлгерді.
Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6 және 7 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.
Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология  негіздерін зерттейді. 
Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары  меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген.  Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.
Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.
Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.
Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.
 
Оқу нәтижелері:
 
Оқушылар курс соңында:  
  • робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;
  • роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі.
 
Оқушылар курс соңында:
  • түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру  үшін роботтарды жобалау;
  • робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;
  • қарапайым роботтарды басқару;
  • жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;
  • LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;
  • математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;
  • алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;
  • бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.
 
Оқушылар курс соңында:   
  • білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;
  • роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;
  • топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын меңгереді.
 
Оқушылар курс соңында:  
  • алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді  күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;
  • робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;
  • робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдыларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;
  • құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.
                                                                 Мектептің командасы






26.01.2019

Астана қаласы Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігінің 'Оқушылар сарайында"  өткен Техникалық шығармашылық "Білім шыңы " атты қалалық чемпионатта #64 мектеп-лицейдің "IT команда " тобының мүшелері  8 сынып оқушылары Сандыбай Мұхамеджан, Алпысбай Нұрболат, Алдаберген Бейбарыс екінші дәрежелі диплом,  5 сынып оқушылары  Есенбай Болатхан мен Әбдіжәми Қуаныш үшінші дәрежелі, 6 сынып оқушылары Аскер Бек пен  Наурызбаев Әли үшінші орын алды. Жетекшісі Анапия Асановнаны және жеңімпаздарды құттықтаймыз! КӨПТЕГЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТІП, АВТОРЛЫҚ ЖҰМЫС ҚОРҒАП, ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БОЛАШАҚТА ЖАҢҒЫРУДЫ ЖАЗСЫН! АЛҒА, 64 МЕКТЕП. Құттықтаймыз!!!!!!Жарайсыздар!!!!!!