Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

Мамандық таңдаудағы 
қателіктер


      Қызметтің кез келген саласында адам біліктілігі өсумен қызметтердің, білімнің ауысуы болады. Сонымен бастапқы сатыларды жақсы өткен адам көп жетістіктерге жетеді.
Еңбек нарығындағы жағдайды талдаңыз. Жыл сайын жана мамандықтар пайда болатынына назар аударыңыз. Әрдайым біліктілікті арттыру, шектес мамандықтарды игеру керектігіне дайын болыңыз. Қазіргі 11 сыныпта мамандықты таңдау сіздің тағдырыңызды өзгертеді деп ойламаңыз. Жаңа мамандықты игеру, таңдауды өзгерту сізді қызметтің пән аралық облыстарында талап етілетін бағалы маман қылдырады. Бірінші мамандық, сіз айнып қалсаңыз да және басқа қызықты тапсаңыз да, күтпеген жағдайларда қажет болып қалады. Мысалы, бірінші өнер танушы біліміңіз екінші білім бойынша заңгерге көне құндылықтарды мұраға алу сұрақтарын шешуге көмектеседі.
Мамандыққа қатысты сенімдер қоғам үшін маңызды кейбір лайықсыз, әдепсіз (мысалы: қоқыс жинаушы) жұмыстар болып саналатында көріледі.
Экономист немесе психолог қоғам үшін химик пен теміршіден ешбір артық пайдалы емес. Мамандық беделдігі ескерілу керек – бірақ сіздің мүддеңіз және қабілеттігіңізді ескерумен. Әйтпесе сіз "сәнді", бірақ қанағаттандырмайтын мамандықты игересіз (егер игерсеңіз). Немесе негізгі жұмыс функцияларын орындауға да жарамсыз болып қаларсыз...
Мамандықты біз аяқ киім мен киім таңдағандай, өзіміздің "талғамымыз" және "өлшеміміз" бойынша таңдаймыз.
Топ сезімі, құрдастарға бағытта болу – сенің жасыңдағы балалардың өте жағымды ерекшеліктері. Олар қоғамда мінез-құлық ережелерін игеру, "Мен" бейнесін қалыптастыру және өзін өзі бағалау үшін қажет. Сондықтан да басқаларға қайталамай, САЛЫСТЫРЫП (өзінді достарыңмен) қара. Сен достарыннан немен ерекшеленетінінді және немен ұқсас екендігінді көруге тырыс. Бұл дегеніміз, егер Вася өрт сөндірушіге барса (ал ол – тәуекелді адам), саған бұл мамандық ұнамауы мүмкін (өйткені сен өте сақ және парасаттысын).
Мамандықты таңдағанда қызметтің осы түрімен шұғылданатын адам ұнайды немесе ұнамайтыннан емес, ең бастысы қызметтің осы түрінің ерекшеліктерін ескеру керек.
Әсіересе оқытушымен таң қалу өте қауіпті (егер саған физика шын ашықтығы қызықтырса – бұл сізге физика өз өзінен, "жиынтықтан" тыс ұнайтынын білдірмейді). Бұдан басқа, балалар кумир мамандығын – спортшы, саясаткер, журналист, әртіс алуға тырысып жиі қателік жасайды. Спортшылардың бәрі ондай емес.
Актер сахнада жеңілдікпен құратын бейнені артында ынталы, күнделікті еңбек тұр.
Ал журналисттер телебағдарламаға әрдайым шыға келмейді – басқа біреу дыбыстандыратын (теледидардағы диктор) 10-минуттық хабарды дайындамас бұрын, оншақты адамдармен сөйлеседі, мұрағаттарды, көптеген мәліметтерді жиі қопарады.
Шетел тілі деген пән бар, ал тілге қабілеттік қажет мамандықтар көп – аудармашы, жетекші, халықаралыө байланыс телефоншысы және т.б. Сондықтан мамандықты таңдағанда, бұл пәннің сыртында қандай нақты мамандықтар мен кәсіптер тұратынын ескеру керек.
Ол үшiн профессиограмма немесе мамандықтардың сөздiктерiн жай зерттеу ғана жақсы емес. Еңбек биржасындағы бос орындары бар газеттерді талдау керек (онда әдетте нақты бос орын үшiн қандай білім керек болатыны көрсетiледi). Мысалы, лингвистикалық білімі ("орыс тілі және әдебиет", мектептердегі "шетел тілі") бар адам оқытушы да, аудармашы да, редактор да, хатшы-референт да болып жұмыс істей алады. Мектеп пәндеріне қарағанда мамандықтар көбірек екендігін біліңіз. Заңгер, маркетолог, аппаратшы болуға болады. Мамандықтар негізінен бірнеше мектепттің пәндерімен бейнеленуі мүмкін. (негізінен осы мамандыққа түсу кезінде ЖОО кіріспе емтихандарына сәйкес келеді). Болашақ экономистке мектепте бір уақытылы математика да, жағрафия да ұнай мүмкін дейік.
Барлық мамандықтарға, және ең алдымен жұмысшы мамандықтарына қиын және қызықты техника ендіріледі, еңбек мәдениеті жоғарылайды (ал компьютер барлық қызмет салаларына ендіріледі – мал шаруашылығына дейін).
Өзін ретке келтіруге кәсіби кеңесшілер, ата-аналар, мұғалімдер, достар көмектеседі.
Психиологиялық тесттер, сонымен бірге әйгілі психология тақырыбына жарияланымдар мен мақалалар да пайдалы болуы мүмкін. Дегенмен олардың ішінде кәсіби еместерде бар екенін ұмыстпаңыз, сондықтан да тесттер нәтижелеріне де, психологиялық кітапшаларда жазылғанға да сын көзбен қара. Әйгілі тесттердің міндеті – кім болу сұрағына дайын жауапты беру немесе сен қандай екендігіне жапсырма жабыстыру емес, өзін өзі тану (өзін өзі бақылау, өзін өзі талдау) бойынша қызметті белсендіру.
Саған сәйкес келмейтін мамандықтар бар, өйткені олар сенің деңсаулығынды нашарлатуы мүмкін.
Мұндай мамандықтар көп емес және оларға негізінен не бір физиологиялық жүйелердің ұзақ кернеуді талап ететіндер жатады. Компьютершiлер көздерiне күштi салмақ түсiредi, ал ұшқыштар – жүректеріне...
Сен математикадан есепті шығарғанда белгілі тізбекпен белгілі бір әрекеттерді орындайсын. Сонымен мамандықты таңдағанда да осылайша ақылмен істеген дұрыс болар еді
         Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарындаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліп қою жеткілікті.
Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «боз торғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әр күнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
Дайындық пен демалуды кезектестіріп тұр, айталық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материлды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
Бір пән бойынша неғұрлым әр түрлі тесттер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әр түрлі конструкциясымен таныстырады.
Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше, ойша өз жеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.
ҰБТ қарсаңында көбісі ҰБТ-ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қатытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе? ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа.
Сонымен, дайындық кезеңі арта қалды. өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.
Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басының ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың.
Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысын ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс.
Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді.Аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғанда жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) уақыт қалдыуыңды есептеуің керек.
Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.
Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сеніңуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін. Сәттілік тілейміз!
_________________________________________________________________________________________