Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ
№64 Мектеп-лицейінің  дебаттық турнирдің өтілу
 
ЕРЕЖЕСІ
 
 
 
Өткізілетін  уақыты айына бір рет                   
 
Өткізілетін уақыты: 12.00
 
Өткізілетін орны:  мектеп кітапханасы     
 
Қатысушылар: Әрбір параллель сыныптар сыныптар бойынша  5-10 сыныптар
 
 
 
Мақсаты: Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманында жасөспірімдерге кәсіптік бағды -бағдар беру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті құзіретті,  әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмыс жасауға,өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман ,индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз ойын еркін айта алатын жоғары білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.
 
Турнирдің өтілу форматы:
 
Турнир 2 кезеңнен тұрады:
 
1-кезең. Іріктеу. Бұл кезеңде фракцияларды жеребе көмегімен әр-түрлі топтарға бөлеміз, бұл кезеңде фракциялар жартылай және ширек финалға өту үшін 3 тақырып бойынша ойын көрсетеді.
 
1 кезең  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне  сәйкес заман талабына , тақырыптар алынады.
 
 
 
Турнирге қатысушылар міндетті:
  1. Дебат форматтарын толық білуге
  2. Бірдей форма киуге
  3. Уақытылы келуге
  4. Төрешілерге қарсы пікір айтпауға
Егерде бір фракция осы айтылған ережелерді орындамайтын болса турнирге қатыса алмайды.
 
Ұйымдастырушылар: Тарих пәні мұғалімі Тығымбаев Т.А. , ДТІЖО Төлеген Г

 


Пікір сайыс


30.01.2019 ж мектебіміздің пікір сайысшылар клубында  алғашқы пікір сайыс турнирі өтті. Пікір сайыс – оқушыларға ойын жүйелі, ашық, анық жеткізуге тәрбиелейді. Пікір сайыс «Парламенттік» формат негізінде өтті. Оған мектебіміздің ұшқыр ойлы, жүйрік тілді өз ойын еркін және ашық жеткізе алатын оқушылары қатысты. Ол оқушылар 6 «В» сыныбы  Қайратқызы Нұрай, 6 «Ә» сыныбы Ғалымжан Әлімжан және Рахимов Диас,  6 «К» сыныбы Садвакасова Бану, Алтаев Алихан, Аханов Зияхан, 11 «Б» сыныбынан Тоқышева Наркес және Сағади Алмас қатысты