Меню KDT
МЕНЮ
logo.png?_=1583829163

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ-МЕКТЕП МАҚСАТЫ
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ


«Адал дос деген кім?
Сілтемені басыңыз



Тренинг тақырыбы:  Жетістікке жету жолдары

Тренинг  мақсаты:    оқушылардың өз болашағын, бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету.

Міндеттері:

оқушыларға өз  мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;
Оқушылардың  өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын арттыру;                                                                                    
Оқушылардың өз болашағына деген жауапкершілікке,сенімділікке тәрбиелеу;

Барысы:

Талдау сұрақтары:  /оқушыларды топқа бөлу арқылы ұйымдастыруға болады, әр талқылау сұрақтарын әр топқа беріп,еркін түрде ойларын ашық айтуға жағдай жасау керек/

Жетістік дегеніміз не?

Жетістікке жету үшін адам қандай қасиеттер мен дағдыларды өз бойына сіңіру керек деп ойлайсыңдар?

Өмірлік мақсатына, белгілі бір жетістікке жетуге қандай адамнаң мүмкіндіктері көп болады?

Жетістікке жету оңай ма? 

Нақыл сөздерді талдау

«Адам дүниеге тек қана келіп, әншейін ғана аттана бермейді: ол артына ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.Ол өмірге адам болып келіп,адамкүйінде қайтады» Баубек Бұлқышев

«Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» Э.Хемингуэй

«Өмірің мәні былайша қысқаша тұжырымдалады: дүние жылжиды,жетіле береді,адам баласының міндеті оған бағына отырып және әрекет ету арқылы осы қозғалысқа қатысуы» А.Толстой

Қазақстан Республикасының саяси стратегиялық бағыттарында да «Бір мақсат,Бір мүдде,Бір болашақ»—деп көрсетілген.  Әрбір адамның жеткен жетістігі—барлығының жеткен жетістіктері жиналып бір мемлекеттің жетістігін құрайтыны туралы айтып өту керек.

Шығармашылық тапсырма

«Бүгіннен—жарқын болашағыма» жоба құрастыру: /Бөлінген топтар арқылы жүргізуге болады/  Бір топ—іскерлер/бизнесмендер/ бір топ –әншілер ,бір топ –жас ғалымдар, б»р топ—туризмді дамытушылар

-мақсат

-әрекет

-құрал

-уақыт

-нәтиже

Соңынан әр топ жұмсын қорғайды, сарапшысы ретінде ұстаздарды немесе ата-аналарда алуға болады.

Түйіндеме

  Жетістікке жетудің алғашқы қадамы -мақсатыңды нақтылап алуын керек.

  Мақсатты өмірдегі нақтылы мүмкіндіктеріңе сай таңдап ал

  Ұсақ мақсаттарыңа уақытыңды бос шығындама

  Үлкен мақсаттарды қою көп күш жұмсауды қажет ететінін ұмытпа

Жетістікке ұмтылуда адамның жанына қуат беретін, адам өмірінің аса маңызды құндылықтары ол ата-ана,Отан,махаббат,достар, туыстар,ұстаздар.Адам өмірі мақсатсыз болмайды. Ол көздеген мақсатты нақты белгілеп, бар ақыл- ойын,күш жігерін соған бағыттайды.

Жетістікке жету үшін адам соған қарай талаптану керек. «Талап адамның өз бойындағы қандай да бір қабілетін,алдына қойған мақсатын,табиғи дарынын жетілдіру үшін аса қажет.Егер талап болмаса,олар уақыт өте көмескіленіп ұсақталып кетеді. Талап пен жігер—серіктес қасиеттер. Талап пен жігерді адамның өзі дамытып,қайрай алады.

 Адам өмір бойы ізденуге, өмірдің беймәлім сырларын ашуға талаптанады. Сол жолда ол адамгершілік қасиеттерді тірек етіп алғанда да жақсылық жаршысы болмақ. Адамзаттың өмірлік мұраты да осы»

«Болғанда ақыл дария,кеудең кеме,

 Кемесіз дариядан өтем деме.

 Кеудеңде санаң болса,талап ізде,.

 Талапсыз жетістікке жетем деме».

Жетістікке жету үшін адам өз бойындағы кедергілермен де күресе алуы керек.

- Өзіңізді шектемеңіз. «Мен есептеу жағынан онша емеспін», «Мен тілді үйрене алмай жатырмын», «Менің миым бағдарламалауды үйренуге күші жетпейді», «Өз ойымды іске асыруға шыдамдылығым жетпейді»,—бұл жолы болмаушының сөзі. Олар өзін-өзі шектейді. Жұмыс істеу қабілетіңіз бен дағдыңыздың шектеулі дегенді ұмытыңыз.Айналаңыздағылар менен ақылды деп ойлауды доғарыңыз. Бұл дұрыс бағыт емес. Мақсатыңызға жетуде бар күшіңізді салыңыз Сонда ғана сіз жетістікке жетесіз.
- Сіз ақталудың шеберісіз. Жолы болмаушылар әр сәтсіздіктен қисынсыз себеп іздейді. Олар оны ақырында табады. «Реалист болу» дегенді олар басқаша түсінеді. Әрқашан өз әрекетсіздігінен ақталуға тырысады. Бұның орнына жәй ғана шаруаны аяқтап тастауына болар еді. Миымыз ақталуға сылтау іздей бастағанда, оны тоқтатып, бір нәрсені жасауға итермелейтін ынта-жігерді іске қосуымыз қажет.
- Адамдармен қарым-қатынас жасай алмайсыз. Жолы болмаушылар әлеуметтік дағдылардан жұрдай болады. «Мен осындаймын және оған көнемін»— жолы болмаушылардың сөзі. Олар ешқандай негізсіз тәкаппар сезінеді. Боямашылдықты кім ұнатады ? Міне, ондай әдеттерден аулақ болайық.» Өзіне ұнайтын жандарға жағымды әрі сыпайы боп көріну қиын емес. Ал сіз өзіңізге ешқандай пайда әкелмейтін адамдармен дәл осылай қарым-қатынас жасап көріңіз. Адамды танып –білудің ең ұтымды жолы—жүріс-тұрысына,мінез құлқына және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына мән беру. Сонымен қатар,тағы бір керемет жолы-оның бір затын бүлдіргендегі сізге деген реакциясын көру.

Сонымен  есте сақтаңыз: 

Жетістікке жету үшін:Бір кездері мұнан да қиын күндер болғанын еске алыңыз. Үміт отын өшірмей алға ұмтылыңыз.

Оқушыларға  жетістікке жеткен ұлы тұлғалар өмірінен мысал келтіріп аяқтауға болады./Атақты спортшылар, жазушылар,т/б/

Рефлексия ретінде  стикерлерді үлестіріп,кері байланыс ұйымдастыруға болады.


«Жетістікке жету жолдары» тақырыбында оқушылармен өткен тренинг

ХАТТАМАСЫ

Өткізілген күні: 7 қараша

Жұмыс нысаны: Жас ұлан ұйымы мүшелері 8 сынып оқушылар /көшбасшылар/

Жұмыс тақырыбы: «Жетістікке жету жолдары»

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың өз болашағын, бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету.                                                                                                  
Жүргізген: мектеп педагог-психологы  Искакова  А.А.

Кездесу барысы: Мектеп оқушыларымен өз болашағын, бағытын айқындап, мақсат қоя білуге көмектесу мақсатында  «Жетістікке жету жолдары» тақырыбында тренинг болып өтті. Тренинг барысында оқушыларға әсер ету үшін ойланып көр, нақыл сөздерді талдау,  «Бүгіннен—жарқын болашағыма» жоба құрастыру, жетістікке жетуде кедергідлерді жеңу және жетістікке жетелейтін кеңестер ұсынылды.



«Жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында 6-7 сыныптармен өткен кездесу

ХАТТАМАСЫ

Өткізілген күні:  16 қаңтар, 2020 жыл

Жұмыс нысаны: 6-7 сынып оқушылары

Жұмыс тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар».

Мақсаты: Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді дамыту, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке баулу.

Жүргізген: мектеп педагог-психологы  Искакова  А.А.

Кездесу барысы: Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді дамыту, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке баулу мақсатында  «Жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында қазіргі замандағы жаһандық мәселелер туралы пікірлестік. Жаһандық мәселелер 2 топқа бөлінеді.

  1. Жеке тұлғалық дағдарыс
  2. Қоғамдық әлемдік дағдарыс туралы түсінік берілді.



 















Анықтама

Қыркүйектің 27 ші жұлдызында мектебімізде  «Қыз болашағы-елболашағы» атты апталықтың аясында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты сыр-сұхбат өтті. Іс-шара барысында қыздардың тәртіп, киім кию, жүріс-тұрыс, өзін-өзі ұстауы сияқты т.б тақырыптар қозғалды. «Қызға қырық үйден» тиым деген ата-бабаларымыздың ізгі жолын жалғап, бүгінгінің қылықты, ибалы қыздарын тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Сондықтан да аталмыш шара мектебімізде ,жалпы қоғамда өте өзекті болып отыр. Сыр-сұхбатқа түгел 8 сыныптардан 50 шақты қыз қатысты.