Меню KDT
МЕНЮ

«Ой мен ойын» тоғызқұмалақ сайысы.



«Дені сау денеде – сау рух» атты онкүндік іс шаралар аясындағы 5-7 сынып оқушылары арасында өткізілген тоғызқұмалақ ойынынан «Ой мен ойын» сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың білім-білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін көтеру. Осы мақсатқа жетуде тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушы ойын жүйелі түрде ойлауға, сөйлеуге, оқуға, ой-өрісін дамытуға ықпал етері сөзсіз. Сайыс барысында оқушылардың өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтанды. Ойлау қабілетін іске қосты. Тапқырлыққа, жылдам ойлауға, шапшаң шешім жасауға әрекет жасай білді. Сайыс соңы жеңімпаздарымызды қорытындылаумен аяқталды. Құтттықтаймыз!!!
1-орын: 6 «В» сынып оқушысы, Медетбекұлы Нұрислам
2-орын: 7 «Д» сынып оқушысы, Арнаханқызы Қарлығаш
3-орын: 6 «Ә» сынып оқушысы, Сәуірбек
3-орын: 7 «Д» сынып оқушысы, Медетбекқызы Арайлым.

04.04.24