Меню KDT
МЕНЮ

“Абайлаңыз - балалар!” жедел профилактикалық іс-шарасы.



Ағымдағы жылдың 15-31 мамыр аралығында елорда аумағында “Абайлаңыз - балалар!” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара жазғы демалыстың басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын-алу, сондай-ақ, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруына бағытталған. Осы орайда, Астана қаласы “Алматы” ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Айгерім Даркембаева мектебіміздің 4 сынып оқушылары үшін «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында дәріс өткізді.

17.05.23