Меню KDT
МЕНЮ

«Оқушылардың білім сапасын арттыруда инновациялық зерттеулердің тиімділігі» атты қалалық семинар.



05.05.23 күні №64 мектеп-лицейде серіктес №63 мл, №52 мг қатысуымен «Оқушылардың білім сапасын арттыруда инновациялық зерттеулердің тиімділігі» атты қалалық семинар өтті. Іс-шараға Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ш.Х.Шакирова, ПШО тренерлері Ш.Е.Қалиханова, С.Е.Ұлтанбаева қатысып, семинарға қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетті. Семинардың мақсаты: білім сапасын арттырудағы мұғалімдердің зерттеу тәжірибелерімен танысу, серіктестер қоғамдастығының мүшелерімен тәжірибе алмасу. Семинардың алғашқы бөлімінде ашық сабақтар мен десант сабақтар беріп, өзара іс-тәжірибе алмасты. Әріптестер сабақтарға керібайланыс беріп, тиімді ұсыныстар мен пікірлер білдірді. Семинардың екінші бөлімі педагогикалық идеялар алаңына жалғасты. Әр мектептегі зерттеу топтары бойынша рефлексивті есептерінің тәжірибелік талдауы жасалып, постар түрінде қорғау жүргізілді. Семинар соңында серіктес мектептердің табысты болашағы туралы ұсыныстар мен оң пікірлер айтылды.

1 кезең - видео көру
2 кезең - видео көру

05.05.23