Меню KDT
МЕНЮ

“Алматы” ауданы әкімдігінің кубогына арналған пікірсайыс турнирі.



     Астана қаласындағы   №64 мектеп-лицейінде 29 сәуір күні «Алматы  ауданының-25» жылдығына»  орай   «Алматы» ауданы әкімдігінің  кубогына арналған  пікірсайыс турнирі  болып өтті. Турнирге қазақ, орыс, ағылшын лигалары қатысты.  Бұл турнирге Алматы ауданы  мектептерінен  40 –тан аса фракция  қатысты.  Пікірсайыс ойыны  өте тартысты, қызықты өтті.  Ойын барысында әлеуметтік, саяси, экономикалық   тақырыптар қозғалды.  Ойын соңында жүлдегерлер   Аудан әкімдігінің кубогы және бағалы сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақ лигасы бойынша  1- орын, «501 -Легион»  командасы  №83 мектеп-гимназия оқушылары Айтбаев Алихан, Бағдат Қымбат.

Жүлделі орынға ие болған командалар:
2-орын  «Құйын 86» командасы, № 38 мектеп-лицей оқушылары  Өмірзақ Диялар, Қуанышбек Қымбат.
3-орын «Мұхтардың жолымен» командасы, №86 мектеп-гимназия оқушылары  Нұрланқызы Ақтамақ,  Бақытқызы Арайлым.
Орыс лигасы бойынша 1-орын  «Сократ-2» командасы, №28 мектеп-лицей оқушылары Казбек Адиль,Ибрагимова Эльвира 
2-орын  «Австралиястан» командасы, №51 мектеп оқушылары Нургалиева Сабина, Тұяқ Есенжол
3-орын  «Тұмар» командасы, №91 мектеп оқушылары  Алимжанова Малика, Жаппаспай Адия
Ағылшын лигасы бойынша 1-орын  «НИШ-3» командасы  НЗМ Халықаралық мектеп оқушылары Нарбеков Арманжан, Сатыбалды Томирис
2-орын  «Liberty» командасы, №92 мектеп - лицей  оқ ушылары Тойғанбаева Жанар, Кенес Лилия.
3-орын:  «Patriot-1» командасы,  №64 мектеп-лицей оқушылары  Бахурбаева Акжанет, Жақсыбек Зейнеп.
 
Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!
ВИДЕО КӨРУ

29.04.23