Меню KDT
МЕНЮ

Қымбатты ұстаздар, мектеп бітіруші түлектер, құрметті ата-аналар!



Қымбатты ұстаздар, мектеп бітіруші түлектер, құрметті ата-аналар!
Даналыққа бастайтын, арманға қанат сыйлайтын, әрбір отбасы үшін ең қымбат мерекелердің бірі – Соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын!
Қоңырау үні 11 жыл бойы түлектер үшін білім мен адамгершілік үні болды. Шәкірттеріміз Қоңырау үнімен адамзат баласын даму мен өркениетке бастаған ғылым мен ілім негіздеріне бойлады, елі мен жерін сүюді үйренді!
Ардақты ұстаздарының тәлімі мен тәрбиесіне бойына сіңірді. Жолдастық пен достықтық алғашқы сынақтарынан өтті. Өздерінше жүріп жол табуды үйренді. Сондықтан да Соңғы қоңырау мерекесі бәрімізге де қымбат мереке.
Жас түлек! Алтын ұя мектебіңнен алған білімің мен адамгершілік бастаулары – үлкен өмір жолында таусылмас азық болсын!
Алдыңда кездесетін әрбір сынақты өзің үшін жеңіске айналдыра біл! Еліміздің қалаулы азаматтары болып, туған жеріңді көркейтуге үдесіңді қос!
Мектебің мен ұстаздарың сендерге сенеді! Ақ жол болсын!

25.05.21