Бүгін мектебімізде "Өркендеу" жобасы аясында республикалық семинар өтті.
Мақсаты:Отбасы құндылықтарына, ұлттық тәрбиеге бағытталған «Өркендеу» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстыру және тәжірибемен бөлісу.«Өркендеу» жобасының ұлттық тәрбие мектептері: «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» негізінде біртұтас оқу-тәрбие бағдарламасын әзірлеу, орта білім жүйесіне енгізу.Міндеттері:«Өркендеу» жобасы негізінде әзірленген біртұтас оқу-тәрбие бағдарламасын республика деңгейінде жүргізуді қарастыру- 1-4, 5-10 сыныптарда «Өркендеу» жобасының Ұлттық тәрбие мектептері бойынша жеңімпаз атанған сыныптардың презентациясы- Құзырлы органдардың және мүдделі тараптардың «Өркендеу» жобасын тиімді жүзеге асыру бойынша және отбасы құндылықтарына, ұлттық тәрбиеге бағытталған ой-пікірлерін тыңдау және өзара тәжірибе алмасу.- «Қашықтан оқыту» технологиясын үштік одақта тиімді қолдануЖұмысты дайындағандар қоғамда әженің,әкенің,ананың,ағаның ,жеңгенің орыны ұрпақ тәрбиесінде маңызы қандай екенін жіктеп түсіндірді.Әженің тәлімін,әкенің биіктігін,ананың мейірімділігін,ағаның қадірін,жеңгенің көрегенділігін ашып көрсетті. Қатысушылар рахметтерін айтып,алғыстарын білдірді.










