Меню KDT
МЕНЮ

Жолың болсын, жас түлек!



Мектебіміздің биыл оныншы түлектері мектеп қабырғасынан қоштасты. Шараға мектепті 2014,2018 жылы бітіріп кеткен түлектеріміз арнайы келіп, тілектерін айтып, мұғалімдер мен түлектерге әндерін жолдады. Ал, биылғы түлектеріміз  қашықтықты сақтай отырып,  санитарлық талаптарға бағынып, мектептегі соңғы қоңырау үнін естіп,  қолдарына 11 жыл бойғы жинаған білімдерінің жемісі, яғни салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсіміне қатысып,  балалық шақтан,  болашаққа қадам басты.  Мектеп бойынша бес сынып бітірді.  Жалпы, 138 түлек мектеппен қоштасты.  Оның он бір оқушысы  "Алтын белгі" иегері, бес оқушысы "Үздік" аттестатқа ие  болды. Және екі оқушымыз Назарбаев университетінің грант жеңімпаздары болды.  Шараға келген мұғалімдер мен ата-аналарда қашықтықты сақтап,  түлектерге тілектерін білдірді.  Әр өткен рәсімнен кейін,  тазалық жұмыстарын жүргізіліп отырды.  Мектеп директоры Бану Әлімжанқызы түлектерге ақ жол, сәтті сапар тілеп,  мерекемен құттықтады. ҰБТ-жан жоғары балл жинап,  грантқа түсіп кетулеріне тілектестігін білдірді.  Салтанатты рәсім талапқа сай өтті.













05.06.20