Меню KDT
МЕНЮ

«Parasat -2020» зияткерлік көктемгі турнирі



      Елбасының  «Рухани  жаңғыру»   бағдарламасы  аясында  міндетті жүзеге  асыру  мақсатында  20-сәуір күні  Нұр-Сұлтан қаласы  «Оқушылар сарайы»  қала  мектеп командалары арасында  «Parasat -2020»   атты    қалалық  интеллектуалды көктемгі   турнирін қашықтықтан ұйымдастырды. Бұл  қалалық  сайыстың  көктемгі  турниріне №64 мектептің  «Жас алаш»  командасы белсене  қатысты. Команда  мүшелері  Төлеубек   Мөлдір  10 «М»  сынып, Дархан Дариға  8 «Ә» сынып,  Ерік  Ақбөпе   9 «Г» сынып,  Тілеуберді Самғат  9  «Д» сынып, Омарханова  Альдина  9 «Г» сынып  оқушылары  болды.  «Жас алаш»  командасының  мүшелері  өздерінің  білімділігін  көрсете  білді. Көктемгі  турнир ерекше өтті.  Біздің командамыз  дайындықты да қашықтықтан  жүргізіп  отырды. 9  «Д» сынып Тілеуберді Самғат  оқушысы  «Үздік спикер» атағына  ие  болды.    «Жас алаш»  командасы   дипломмен марапатталды
Команда  жетекшісі тарих  пәні  мұғалімі   Бекназарова Дина Омаровна.


05.05.20