Меню KDT
МЕНЮ

«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты 1 наурыз Алғыс айту күніне орай №64 мектеп-лицейінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат



 
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты 1 наурыз Алғыс айту күніне орай наурыздың 2-сі  күні мектепте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.  «Құшақ жая қарсы алып, Рахмет айтамын мен саған» тақырыпта таңғы кездесу болды. Барлық оқушылар мен мұғалімдер бір-бірімен құшақ жайып қарсы алды. 
1-4 сыныптар арасында «Шын жүректен мың алғыс»  ата-аналарына ашық алғыс хаттар жасалды. 5 сыныпытардың оқушылары       «Бір Отан – бір отбасы» тақырыпта  ашық тәрбие сағаттары өтті. «Жүректен жүрекке, шын жүректен»  тақырыпта «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен флешмоб ұйымдастырылса, мектеп бойынша  «Рахмет сізге!»  рахмет жұлдызшасын жинау яғни аула сыпырушыға көмектесіп қар күреу, еден жуатын кісілерге, асханада ыдыс жинауға көмектесіп, рахмет жұлдызшаларын жинады Барлық шаруашылық қызметкерлеріне көмек көрсету күні болды. Жеңімпаз атанған   5 «Ә» сыныбына мектеп әкімшілігі  атынан асханада дәмді «Рақмет дастарханы» ұйымдастырылды. Бір күннің ішінде қаншама көмек көрсеткен оқушыларға алғыс хаттар білдірілді.  6,7 сыныптар арасында «Мейірімді жылы жүрек» видео-құттықтау WhatsApp желісі арқылы жолданып, әлеуметтік желілерге жарияланды  және  Жеңістің 75 жылдыға орай « Жеңіс үшін мың алғыс» атты ардагерлерге  видео жолдама жасап, Ұлы Отан соғысының ардагері Байкешов Рызақұл атаның үйіне барып, алғыс білдіріп өнер көрсетті. 11 сыныптың оқушылары өз ата-аналарына «Сізге мың алғыс!» атты ашық қоңырау шалып, өз алғыстарын білдірді.  Ал, мұғалімдер арасында мектеп психологы «Эмоция әміршісі» атты психологиялық тренинг өткзізіп, мұғалімдердің көңіл-күйін көтеріп, бір-біріне қолдан алғыс гүлін сыйлады.
Мектептің аға тәлімгері Муханбаева Ж.Б. ұйымдастыруымен  «ЖасҰлан» ұйымы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына  концерттік бағдарламамен өнер көрсетіп қайтты. Талантты оқушылар балалар үйіндегі бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар өнерпаздармен бірге билеп, ән айтып бір шаттанып қалды. Біздің өнерпаздарға тәрбиеленушілер аллығыстарын білдірді. Орталықта  3-29 жас аралығындағы балалар мен жастарға стационар және жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетуге арналған. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жастарда бар екен. Жалпы, Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шаралар жоғарғы деңгейде өтті.







13.03.20