Меню KDT
МЕНЮ

«64-те қонақта» жобасы бойынша сыр-сұхбат туралы



Жобамыздың кезекті  қонағы болып,  Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрдың актері, әнші,сазгер, Қасымхан Бұғабайұлы келіп оқушылар бойына  рухани азық сыйлады. Сыр-сұхбат үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңі қонағымызбен ашық сұраққа жүргізушілеріміз, екінші кезеңі көрермендер тарапынан «еркін микрофон»  сұрақтарына қонағымыздың тарапынан жауаптар алынды. Үшінші кезеңі «Сиқырлы қобдиша» айдарынан жасырын тапсырмалар берілді.  Қонағымызға домбыра тарту, қара жорға биін орындау  тапсырмалары түсті.  Қонағымыз домбыраның қос құлағында ойнап, көрермендер назарын баурап алды.
Жоба соңы оқушылардың қойылған  сұрақтардың ішінен ең таңдаулы бес оқушыларға қонақ кәде жасады.
Сұр-сұхбат  аясында оқушылар жылы лебіздерін , шынайы көңілдерін жоғары дәрежеде көрсете алды. Қонағымыз, түрлі  смайликтер арқылы  кездесудегі өзінің көңіл-күйін білдірді.



02.03.20