Меню KDT
МЕНЮ

Бастауыш сынып бірлестігінің екінші күні Тілдер күніне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі»



Бастауыш сынып бірлестігінің  екінші күні Тілдер күніне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» деп аталды. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға ,сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге  баулуға тәрбиелеу мақсатында әр сыныптарда тілдің құдіреттілігін сезінуге арналған сайыстар ұйымдастырылды. 1- сыныптар арасында «Өнер алды-қызыл тіл» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысты Қайырбекова С.Рахимжанова Р.Б ұйымдастырды. Оқушылар  екпінді дұрыс қоя біліп, дауыс мәнерін меңгерту мақсатында өткен сайыс тартысты өтті. Топ жарып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды.2 сыныптар арасында «мың бір мақал» атты сайысты Қуатова Б.Н.,Беркімбаева К ұйымдастырды. Оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге тәрбиелеу мақсатында өткен сайыс тартымды өтті.3- сыныптар бойынша сахналық қойылым болды. 3- сынып жетекшілері Арыстанова Қ.А., Туребекова Е.С.,Ерғалиева А ұйымдастырған  сахналық қойылымға барлық сыныптар ат салысты.Оқушылардың сахналық өзін ұстауы, рөлге бар жан-тәнімен кіріп ойнауы  қойылымды қызықты, тартымды етті.4сыныптар арасында  «Тіл -татулықтың тірегі»  атты командалық сайыс өтті.Шайбекова С.А., Жуламанова Т  ұйымдастырған сайыс қызықты өтті. Қазіргі қазақ тілінің дәрежесін көтеру, дұрыс, анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізе білу мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада топ жарған командалар болды. Үздік деп танылған топ  марапатталды.
 
13.12.19