Меню KDT
МЕНЮ

Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы, ұлтымыздың мақтанышы бір туар ақын–Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Поэзия падишасы» атты еске алу жыр кеші өтті



27 қараша күні №64 мектеп-лицейінде  Қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,   ҚР Халық жазушысы , ұлтымыздың мақтанышы бір туар ақын– Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай « Поэзия падишасы» атты еске алу жыр кеші өтті. Кеш барысында ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, өлеңдері оқылды , сондай-ақ жас ақындар арнауларын паш етті.
Ұлттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекттік сыйлықтың иегері қазақтың аяулы қызы  Фариза Оңғарсынова. Биыл ұлы ақын тірі болса 25 желтоқсанда 80 жасқа толар еді. Өзі өмірден өтсе де өлеңі өміршең болған ақының жырларын,шығармашылығын ұмыт қалдырмауды оқушылар санасына құюымыз  керек. Бүгінгі еске алу кешінің  басты мақсаты қазақтың ақын қызы Фаризаның жырларын ұмыт қалдырмай өмір жолын, өлең өмірін келешек ұрпаққа жеткізу.
Жыр кеші ақын рухына тағзым ету арқылы бір минуттық үнсіздікпен басталды. Іс-шарағаға қатысқан өнерпаздар мектебіміздің 1,2,5,6,8,9,10 сынып оқушылары. Еске алу кешін мектеп мұғалімдерімен қатар оқушылар да келіп тамашалады. Сазды әуенмен, өнегелі өлеңмен көмкерілген бүгінгі жыр кеші көрермен тарапынан жоғары бағаланды.

06.12.19