Меню KDT
МЕНЮ

«Үздік мәдениеттілік- ол спорт, шынығу мен денсаулық!» атты Жалпыреспубликалық акциясы аясында №64 мектеп-лицейінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат



«Үздік мәдениеттілік- ол спорт, шынығу мен денсаулық!» атты Жалпыреспубликалық акциясы аясында мектепішілік спорт күні өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар таңғы жаттығумен бастап, мектеп ауласын екі айналым жүгіру, шаңғымен жарыс, мектеп ішінде волейбол, баскетбол, футбол ойындары және ұлттық ойындар арқан тартыс, бес тас, білек күресі, тоғызқұмалақ, шахмат ойындарынан   сыныптар арасында жарыстар өтті. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары берілді. Далада шаңғы тепкен, жүгірген оқушылар мен мұғалімдер  ыстық бауырсақ пен  ыстық шай ішіп, өзара көңілдерін көтеріп, жарыстарға белсене қатысты. Мектептің «ЖасҰлан» ұйымы флешмоб өткізді. Бүгінгі күн мектептегі әрбір адамға  керемет көңіл күй сыйлап, достық қарым-қатынас нығайғанына сенімідіміз. Осындай игі шаралар көп болғай!



03.12.19