Меню KDT
МЕНЮ

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай бүгін мектебімізде «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаттар мен кездесулер өтті.



1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай бүгін мектебімізде «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты бірыңғай ашық тәрбие сағаттар мен кездесулер өтті.   Елбасының отбасылық  өмірі, саясаттағы жеткен жетістіктері, елімізге сіңірген еңбектері, көшбасшылық қасиеттері тағыда басқа өзекті тақырыптарды оқушылар мен мұғалімдеріміз  ортаға салды. Жоғарғы сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері бастауыш сыныптарға, бастауыш сынып мұғалімдері жоғарғы сыныптарға өзара тәрбие сағаттарға қатысып,  керемет тәрбиелік мәні бар сабақтарға куә болды. Сонымен қатар, мектебіміздегі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын «64-те қонақта» жобасы аясында кездесу кеші өтті. Бүгінгі қонағымыз елордамыз  салынғалы бері құрылыста талай жыл құрылысшы болып жұмыс істеп, бүгінде жеке кәсіпкер атанып, қала бойынша құрылысшылардың кураторы ретінде еңбек етіп жүрген Қыдыров Кенжебек Бериккараұлымен кездесу өтті.  
Кездесу барысында оқушыларымыз көкейтесті сұрақтарын қойып, қызықты ақпараттарға жауап алды. Кеш қонағы барынша шынайы жауап беріп,өзінің қызықты оқиғаларымен бөлісті. Болашақта өзі сияқты құрылысшы , архитектор болғысы келетін оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,бүкпесіз ашық сұхбат жүргізді. Оқушылар өздері жасаған тұрғын –үй макеттерімен таныстырды.  
Тәуелсіз еліміз, көрікті қаламыз  туралы әндер шырқалды. Кездесу соңында бүгінгі күннен алған әсерімен бөлісіп,  оқушыларымыз Кенжебек Бериккарұлыны алғысын білдірді. Кеш қонағы өзіне ұнаған сұрақ иелеріне сыйлықтарын табыстады. Кездесу жоғарғы деңгейде өтті.
Мереке аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі, Айдын  Президенттік полкі запастағы полковник Ақтанов Қамбар Қинайтұлы сарбаздарымен келіп, патриоттық тәрбие беру мақсатында 10 сынып оқушыларымен  кездесу өткізді. Кездесу барысында  қатардағы жауынгерлер оқушыларға  әскери өмір туралы айтып, Айдын Президенттік полкі туралы видео роликтер көрсетіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.  Сарбаздар оқушыларға өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын табыстады. Кездесу өте керемет өтті.
Жалпы, бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған ашық сабақтар мен кездесулер оқушылар  үшін есте қаларлықтай өтті.  Ел ертеңі - жастардың қолында. Жастардың бойына патриоттық, рухани адамгершілік тәрбиені сіз бен біз бойларына сіңіріп, болашақта  ел қорғандары болатындарына сенімді болайық!





03.12.19