Меню KDT
МЕНЮ

Мұғалімдер күні құтты болсын!!!



Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Еңбегінің жемісін шәкірттерінің алғысын алғанда сезінесін. Дәл бүгінгі күні біздің 64 мектеп-лицей мұғалімдері үшін ерекше күн болды. Таңғы 07.00 де мектептің  кіре-берісінен бастап,  түлектеріміз қызыл кілемнен өткізіп, ұстаздарына алғыстары мен әндерін тарту етті. Бір күн болсада көмекші ретінде сабақтарымызды өткізуге көмектерін білдіріп, сағат 12.00 де мектеп акт залында ерекше мерекелік конценттік бағдарлама өтті.  Мерекелік шара мектебіміздің ашылғанына 10 жыл толуына бағытталып, кезінде мектебіміздің жұлдызы болған бүгінде қаламыздың белді  жүргізушісі Олжабай Дарын жүргізіп, мектеп түлегі  эстрада жұлдызы Арыстанбеков Бекболат  тілегін айтып, өнерлерін  көрсетті. Шара барысында Білім және ғылым министрлігінен, Ы.Алтынсарын ұлттық білім академиясынан, қаламыздың білім басқармасы басшысынан, Әділет кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.Мұғалім мен шәкірт арасында "Екі жұлдыз" форматы негізінде  әндер шырқалып, "Сарыарқа" би ансамбілінің билері  көрерменнің қуанышына  мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарлама жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Ұстаздар мерекесі құтты болсын! Атсалысқан барша мұғалімдерімізге алығысымызды білдіреміз! Мереке құтты болсын! 64 алға! Қырандай самға !
























04.10.19