Меню KDT
МЕНЮ
logo.jpg

АСТАНА ҚАЛАСЫ №64 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! 

МЕКТЕП МИССИЯСЫ: 
БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮРІП, БОЛАШАҚТЫ ҚАМДАЙМЫЗ

Мектеп жаңалықтары

«Жас талант» атты өнер кастингін жариялайды

Жас таланттарды анықтап, өнерлерін шыңдау мақсатында №64 мектеп-лицейі «Жас талант» атты өнер кастингін жариялайды!

Өнердің сан түрін бір арнаға тоғыстыратын байрақты бәсекеден құр қалма, кел, бағыңды сына!

Егер сен ән салуды жақсы көрсең;

Би өнерінің биігіне шыққың келсе;

Қолөнер шебері атанғың келсе;

Домбыраның құлағында ойнап,күйші болғың келсе;

Театр әлеміне саяхат шегіп, актер болғың келсе;

Көркемсөз оқу шебері атанып, тележурналистика саласының қыр-сырымен танысқың келсе кастингке қатыс,өнеріңді ортаға сал!

Ерекше талантты, қайталанбас өнеріңмен таңқалдыр!

Кастингке қатысушыларға қойылатын талаптар:                                

Қазақ тілін еркін меңгеру;

Жауапкершілік;

Сымбаттылық;

Өз ойын еркін жеткізу;

Шыдамдылық;

Өнердің кез-келген түрінен хабардар болу.

Кастингке мектебіміздің барша талантты оқушылары қатыса алады. Іріктеуден өткен оқушы мектептің тегін үйірмелеріне жолдама алу арқылы іс-шараларға қатысып, өнерлерін шыңдайтын болады.

Кастинг 1-4 сыныптар үшін сағат 9:30-10:30;

5-7 сыныптар үшін 10:30-11:30;

8-11 сыныптар үшін 11:30-12:30 аралығында мектеп акт залында өтеді!

 

Барша өнерпаздарды сенбі күні асыға күтеміз!

 



Просмотров: 16

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь