Меню KDT
МЕНЮ

15-мамыр Халықаралық отбасы күні өтті



15-мамыр Халықаралық отбасы күніне  арналған көптеген іс-шаралар жоспарлы түрде біздіңде мектепте  өтті. Барлық ата-аналарға   «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Кез-келген сұрақтары бойынша мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер  ұжымы  жауап берді. Таңғы 10.00 ден бастап түрлі шаралар ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Атап өтер болсақ, 10.00 де мектептің әкелер клубының ұйымдастыруымен 9 сыныптардың әкелері мен ер балалары арасында волейболдан жарыс өтті. Жеңіске әкелер командасы жетті. 11.00 де "Аналарға тағзым" тақырыпта биылғы оқу жылында мектептің іс-шараларына, ыстық тамақтың ұйымдастырылуына басқа қоғамдық жұмыстарға қатысқан аналарға алғыс хат беріліп, мерекелік концерттік бағдарлама көрсетілді. Аналар құрметіне әндер шырқалып, бишілеріміз өз өнерлерін көрсетті.  Аналарымыз алғыстарын білдіріп, өнерпаздарымызға биіктен көрінулерін тіледі. Мектептің оқу-тәрбие  мәселеріне байланысты консультациялық жұмыстар жүргізілді. Мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар және мектеп әкімшілігі кешке дейін келген кісілерге жауап беріп отырды. Кешкі 18.30 да жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа әр сыныптан бес ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде 1. Оқушылардың оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыру бойынша оқу жылының қорытындысы (білім сапасы, ҰБТ, жаңартылған білім мазмұны, кластерде жұмыс, жетістіктер мен проблемалар).
          /директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбекова А.К./

2. №64 мектеп-лицейінің тәрбие жұмысының жүргізілуі. 
/директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төлеген Г./

3. Мектептік оқумен қамту қаражатын пайдалану бойынша есеп, көпбалалы отбасы балаларына көмек көрсету және бюджеттің орындалуы жөніндегі есеп.  
                                    /№64 мектеп-лицей директоры Баймуратова Б.А./
          
4. Қамқоршылық кеңес төрағаларының атқарылған жұмысы туралы есебі.
          /№64 мектеп-лицейінің Қамқоршылық кеңесі төрағасы Әбілдинова Ә.К./

  Осы тақырыптар бойынша  баяндамашылар сөз алды. Мектеп директоры Бану Алимжанқызы әр ата- анаға жеке сұрақтары болса шешіп, мектеп бюджеті, әлеуметтік көмек жайында ашық түрде баяндап берді. Жиналыс барысында мерекелік көңіл-күй ретінде мектебіміздің мақтаныштары еліміздің туын Түрік мемлекетінде өткен әлем мемлекеттерінің арасындағы фестивальде  желбіретіп келген " Сарыарқа" би ансамблі өнерлерін көрсетті. Жалпы, бүгінгі өткен ашық есік күні Үштік Одақ жұмысын нығайта түсті. Қашанда тәлімі мол, берері көп шаралар жиі болғай! Балалардың білім алуына сіз болып, біз болып атсалысайық! Отанымыз тыныш, отбасымыз аман болсын! Мереке құтты болсын !


16.05.19