Меню KDT
МЕНЮ

Шаңырақтар арасында Соғыс әндерін сахналаудан ән-сайысы өткізілді.



9-мамыр  Жеңіс  күніне орай ұйымдастырылған 5- 10 сыныптар арасындағы шаңырақтар арасындағы  Соғыс әндерін сахналаудан ән-сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушылар өткен тарих беттеріне саяхат жасап,тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталатындығының куәгерлері болдық. Сайыстың негізгі критерийіне негізделген Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған мына әндер шырқалды.Олар  «Ешқашан соғыс болмасын», «Отан үшін от кешкен жауынгерлер»,  «Майданға хат» , «Мы никогда не забудем» өлеңдері және сонымен қатар  «Ардагерлерге тағзым», «Мен- Қазақпын!» әндері көрініс көрсетіле отырып көрерменнің көзайымы болды. Сайыс өте  әсерлі  өтті. Сайыста, Отанын қорғауға, құрметтеуге үндейтін  әндер, азаматтық әуендегі туындылардың мәні зор екені көрініс алды. Осындай әндердің барлығы өскелең ұрпақ бойынан патриоттық сезімдерді қалыптастырып,  асқақ рух беруді мақсат тұтқандай. Сайыс болған нәтижесі әділ-қазылар алқасының шешімімен айқындалды. Барлығы он бес шаңырақ ұйымы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.

«Бас жүлде- «Бөгенбай»  шаңырағы.

 1 орын - «Сарайшық» шаңырағы.

2 орын - «Сарыарқа» шаңырағы.

2 орын - «Түркістан» шаңырағы.

3 орын - «Абылайхан» шаңырағы.

3 орын - «Күйші Дина» шаңырағы.

3 орын - «Керей хан» шаңырағы.

Бір шаңырақ астында өзара сынға түскен жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Қашанда тату, бірлігі жарасқан, үлкендер кішіге үлгі болып, достық қарым-қатынаста жүре беріңіздер! 


08.05.19