Меню KDT
МЕНЮ

«Алтын түлек» олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!



Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 10- сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткен «Алтын түлек»  олимпиадасынан мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Боранбаева Асель Сайынқызы толағай жетістіктермен марапатталып келді. Дайындап апарған оқушылары Өскенбай Әділжан І орын иеленіп, 30 000 теңге ұтса, екі оқушысы  Ахметов Қалижан мен  Нурпейісова Малика ІІІ орынмен марапатталып, 5000 теңге қаржылай сыйлыққа қол жеткізіп, ұстаздары «Білікті ұстаз» номинациясымен 30 000 теңге иеленді. Осындай қоржынымызға жетістіктерді әкелген  білімді мұғаліміміз Асель Сайынқызының еңбегіне табыс тілейміз! Шәкірттері үздіктердің үздігі бола берсін. Өзі біздің мақтанышымыз болып, білікті маман иесі атанып, мектебіміздің абыройын асқақта та берсін.  Ал, мектептер арасында осы жетістіктерге жеткені үшін ІІ орынмен марапатталған мектеп ұжымында құттықтаймыз! Ұйымдастырушылар  «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығына алғысымыз шексіз. Осындай сайыстарда қаржылай сыйлық берілсе мұғалімдердің де, оқушылардың да қызығушылықтары артып, үздіктердің үздігі анықталатынына кәміл сенеміз! Алға, №64 мектеп-лицей! Жетістіктер  көп болғай!


27.04.19