Меню KDT
МЕНЮ

«Қауіпсіз интернет» онкүндігі өтті



11-сәуір - 22-сәуір аралығында ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан ұйымдастырылды. Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату. Осыған орай, мектепте үлкен үзілістерде шығармашылыққа баулитын іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар жоспарға сәйкес, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, өткізілді.  Аталған онкүндіктің өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. 1- 4 сыныптар  жетекшілердің ұйымдастыруымен  ата-ана оқушылар арасында   «Спорт –денсаулық кепілі » сайысы өткізілсе, 5-7 сыныптарда   «Қауіпсіз  интернет еліне саяхат» сынып сағаттары жүргізілді.

9 сыныптар ер балалар  ата-анасы арасында  мастер кластар өткізілді. 10  сынып оқушыларымен «Интернетсіз бір күн» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Сынып сағат барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді және оқушылар мектеп кітапханасына барып, жаңа әдебиеттермен танысып,  ақпараттар алды.    8 -11  сыныптар  арасында  қыз балалар мен ер балалар  арасында   «Қауіпсіз  интернет еліне саяхат»  интелектуалды  сайыс жүргізілді.
 Интернетсіз  уақытты ұйымдасдыру үшін ұйымдастырылған шығармашылық, рухани , мәдени іс-шаралар  жоспарлы түрде  өткізілді.   Мектептегі Дебат клубының ұйымдастыруымен  « Балаларға қауіпсіз интернет қажет!», «Қажетті және қажетсіз Интернет» тақырыбында пікір сайыстар өткізілді. 8-11 сыныптарда  « Ғаламтор құпияларын ашайық !», « Досым, демалыс уақытын қалай өткізесің?»   атты  дөңгелек үстелдер, баяндама,  танымдық сайыстар , балаларға арналған шығармашылық байқаулар, ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылған  іс-шаралар өткізілді.   Аталған іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер  мектеп әкімшілігі атынан марапатталды.
      

 


19.04.19