Меню KDT
МЕНЮ

"Шаттық" қалалық байқауы өз мәресіне жетті! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!



Жыл сайын өтетін "Шаттық " байқауыда бүгін өз мәресіне жетті. Биылғы жетістігімізде ойдағыдай болды.  
2  "Алтын ", 4 күміс, 2 "Қола" медаль алдық.  Яғни, мектебіміздің "Сарыарқа" би ансамблі жылдағыдай алтын алды. Жетекшісі Жакеева Айжан Жақсылыққызы, фотосурет  жанры бойынша бірінші рет алтынғада жеттік. Жетекшісі Смағұл Жетпіс Абдіғалиұлы. "Күміс" медаль  алғандар домбырада жеке орындаудан  11 сынып оқушысы Елғон Бейбарыс жетекшісі Сералиева Қарлығаш Сталбекқызы,  Академиялық вокал жанры бойынша 8 сынып оқушысы  Рахимова Дана және  "Бәйтерек" хор ұжымы  жетекшісі Айдосова Аяулым Сергазиевна,  халық әні жанры бойынша  Искаков Шыңғыс жетекшісі Кудерина Жанар Агзамовна .  "Қола " медаль алғандар домбыра ансамблі жетекшісі Сералиева Қарлығаш Сталбекқызы,  театр жанры бойынша " Шабыт" театры жетекшісі Ахметов Мурат Ескендірұлы. Өнерлерімен үздік көрінген орынға шамалы жетпей қалған екі жанр бойынша қатысқан мына өнерпаздарда диплом иеленді . "Нәзік әуен" вокалдық ансамблі жетекшісі Сәрсенбаева Толқын Жұмағазықызы, бейнелеу өнері жанры бойынша Артыкова Дильназ жетекшісі Жұмабаева Күләш Мергенбайқызы . Барлық жетекшілер мен оқушыларымызды және қашанда бізбен бірге қолдау көрсететін ата-аналарымызға мың алғыс айтамыз. Мектебіміз биіктен көріне берсін. ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР КӨП БОЛҒАЙ! ЖАҢА ДӘУІРДІҢ, ЖАҢА КӨЗҚАРАСҚА ТОЛЫ АЗАМАТТАРЫ ӨСЕ БЕРСІН. БІЗ ҰСТАЗДАР ТЕК ДҰРЫС БАҒЫТТАП ОТЫРАЙЫҚ!  МЕРЕЙІМІЗ ҮСТЕМ БОЛСЫН! ЖЕТІСТІКТЕР ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
13.04.19