Меню KDT
МЕНЮ

"Ғасырдан ғасырға" қалалық интеллектуалды сайыс және "Үздік жас маман -2019" байқауында мектебіміз "Бас жүлде" жеңімпазы атанды!



Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
"Ғасырдан ғасырға" қалалық интеллектуалды сайыста мектебіміз "Бас жүлде" жеңімпазы атандық. 5 минуттың ішінде "Ғасырдан ғасырға" жалғасын тауып жатқан тарихи көріністерді сахналау оның мазмұнын актерлік шеберлік арқылы көрсету, білімді оқушыларымыз өз білімдерін ортаға салып, сандықта жасырылған затты табу бір қызықты әрі тартысты өтті.  Біздің оқушыларымыз қазылар алқасының көңілінен шығып, үздік өнер көрсеткені үшін 10 А сынып оқушысы Мырақұл Меруерт пен 9 Б сынып оқушысы Абдрей Асылжан  арнайы «Үздік өнер көрсеткені үшін» номинациялармен марапатталды. Жетекшілері Мурат Ескендірұлы және тарих пәнінің мұғалімі Мэлс Қайырбекұлы. Тағы бір қуанышты жетістік бүгін қала мектептерінің арасындағы Кластераралық "Үздік жас маман -2019" байқауында мектебіміздің екі мұғалімі қатысып, жүлделі орындармен оралды. Яғни, бастауыш сынып мұғалімі Ахмиева Альмира Зуфарқызы І орын, биология пәнінің мұғалімі Жылқыбаев Әсем Жұмабекқызы ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! №64 мектеп-лицей алға, қырандай самға! Биіктен көріне берейік!





05.03.19