Меню KDT
МЕНЮ

М.Мақатаев оқуларын



  • қалалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында  М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
  • оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;
  • жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.
Байқау 3 бағыт бойынша  өткізілді.
          1-бағыт:  «Мәңгілік жыр-ғұмыр» –  5-6 оқушыдан құралған мектеп командасы ақын шығармасынан қойылым көрсетті.
2-бағыт: - «Жырлайды жүрек» - оқушы ақынға шығарған өз төл туындысын оқыды.
    3-бағыт: «Өлеңнен өрілген ой» -  Мұқағали шығармалары бойынша эссе жазды.
М. Мақатаев оқуларына №64 мектеп оқушылары да белсенді қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтсам, «Мәңгілік жыр-ғұмыр» номинациясынан жүлделі 3-орын. Қатысқан оқушылар Абдрей Асылжан, Құрмантаев Сағынтай, Мейрам Ерқанат, Төлеу Оңталап. (9,11сынып оқушылары) М. Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» помасынан алынған үзіндіні (қойылым) тамаша ойнап шықты. Дайындаған Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігі. «Жырлайды жүрек» номинациясына қатысқан (7-сынып) оқушымыз Нұрбақытұлы Еларыс Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Шотпаева А.Б. Мектеп абыройын асқақтатып жүрген оқушыларымыз әрқашанда жеңістің биік тұғырынан көрінсін!



16.02.19