Меню KDT
МЕНЮ

«Әкем, анам және мен...» атты зияткерлік отбасылық сайысы



Мектебімізде  5,9,10-сыныптар арасында «Әкем, анам және мен...» атты зияткерлік отбасылық сайыс өткізілді.  Сайыс 3 бөлімнен тұрды. 1-ші бөлімі «Отбасы менің жүрегім», 2-ші бөлім «Кім жүйрік», 3-ші бөлім «Отбасының өнері» деп аталды. Мұнда жанұя құрамын жан-жақты таныстыру, пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру және әр отбасы өз өнерлерін көрсете алу критерийлері бойынша бағаланды. Нәтижесінде 9-10-сыныптар арасында Бас Жүлдені 10 «А» сыныбынан қатысқан Амангелдиндер отбасы, 1-орынды 10 «Г» сыныбынан Қамза отбасы, 2-орынды 9 «Д» сыныбынан Жұпарбековтар отбасы, 3-орынды 9 «В» сыныбынан Сағындықовтар отбасы және 9 «Г» сыныбынан Әуелбектер отбасы иеленді. Ал 10 «В» сыныбынан қатысқан Сарсенбаевтар отбасы «Көрермендер көзайымы» деген номинациямен марапатталды.
Ал 5-сыныптар арасында «Әкем, анам және мен...» атты зияткерлік отбасылық сайысы бойынша   Бас Жүлдені 5 «И» сыныбынан қатысқан Керімжандар отбасы, 1-орынды  5 «Е» сыныбынан Ермахандар отбасы, 2-орынды 5 «Ә» сыныбынан Қошанәлиевтер отбасы, 3-орынды 5 «М» сыныбынан Өсербектер отбасы және 5 «Д» сыныбынан Азаматовтар отбасы иеленді. Ал 5 «Ж» сыныбынан қатысқан Ашимовтар отбасы «Көрермендер көзайымы» деген номинациямен марапатталды.







 
 

07.12.18