Меню KDT
МЕНЮ

Сыңғырла, соңғы қоңырау



Мектебіміздің  160 түлегі қызығы мен қиыншылдығы  мол  тарихқа толы 11 жыл бойы мектеп өмірімен  бірге болған күндерімен қош айтысты. "Мектеп  - кеме, білім - теңіз" - деп, бекер айтылмаған деседі . Түлектеріміз бар білімді  жинап , енді ұшаққа отырғандай, үлкен өмірге жолдама алды. Түлектердің ішінде 8 "Алтын белгі" ,  9 "Ерекше аттестат" үміткерлері, Назарбаев университетінің екі грант иегерлері сонымен қатар  қалалық "Көшбасшы-2018" сайысының жеңімпазы Атабек Қуаныш, республикалық, халықаралық сурет сайыстарының жүлдегері Айкимбаева Диана, Испан футбол академиясының Грант иегері Думан Самғар жəне Чехия мемлекеті Прага қаласындағы Карлов университетінің грант жеңімпазы Булатұлы Бекзат сынып көштерін бастап шықты.  Өз өнерлерін көрсетіп, мектеп мұғалімдеріне деген алғыстарын айтып, соңғы мектеп өміріндегі түлек вальсін биледі. Салтанатты рəсімнен кейін өздерінің дайындаған флешмобтарын бір-бірімен жарыса көрсетті. Өте қызық болды.  Алдағы мемлекеттік емтихан мен ҰБТ - ны жоғарғы деңгейде тапсырып, ата-ана мен мұғалімдер үмітін  ақтаса біз үшін үлкен қуаныш болар еді. Алға, 64 мектеп-лицей!




26.05.18