Меню KDT
МЕНЮ

Ата-аналарға ашық есік күні өтті



Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты арттыру  мақсатында бүгін мектебімізде ата-аналарға ашық есік күні өтті. Ата-аналар жалпы мектептің тыныс-тіршілігімен танысып,   топ-топқа бөлініп үйірме жұмыстарына қатысты.  Пән мұғалімдері ата-аналармен  тікелей сөйлесіп,  сұрақтарына жауап берді. 5-7 сыныптардың әкелері арасында волейбол ойынынан жарыс ұйымдастырылып, әкелер, оқушылар, мұғалімдер арасында тартысты ойын өтіп, нәтижесінде І орынды 6 сыныптардың әкелерінен құралған  команда иеленсе, ІІ орынды  оқушылар  командасы, ІІІ орынды 5 сыныптар алды. Үздік ойыншылар арнайы номинациялармен   марапатталып,  жеңімпаздарға кубоктар берілді.  Соңында  үйірме жұмыстарының есеп беру концерті өтті. Мектеппен толықтай танысқан ата-аналар мектепке тек биік шыңдардан көрінуіне тілектестіктерін айтып, ризашылықтарын танытты. Ұстаздарымызға осындай жұмыстардан кейін тек шығармашылық табыстар тілейміз. Таланатты балалар өте көп, сол талантты аша білетін ұстаздар жасай берсін.     
 
 


27.02.18